Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 593 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.05.2026

ҚР Салық кодексi
593-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі

1. Салық төлеушiлер салықты есептеудi салықтық базаға тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы дербес жүргiзедi. 

Осы Кодекстің 357-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру) өнімін өндіруші заңды тұлғалар салық сомасын 70 пайызға азайту құқығымен мүлік салығын есептеуді жүргізеді. 

2. Осы Кодекстің 592-бабының 6-тармағында айқындалған тұлғалар салық сомасын: 

салық салу объектілері жеке тұлғаларға сатып алу құқығынсыз тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарты бойынша жалға берілген жағдайда – осы Кодекстің 591-бабының 1-тармағына; 

салық салу объектілері жеке тұлғаларға сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарты бойынша жалға берілген жағдайда – осы Кодекстің 591-бабының 2-тармағына сәйкес әрбір объект бойынша жеке-жеке айқындалатын салықтық базаға осы Кодекстің 602-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептейді. 

3. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығы әрбiр салық төлеушi үшін оның мүлiк құнындағы үлесiне пропорционалды түрде есептеледi. 

4. Салықты төлеу бюджетке салық салу объектiлерiнiң тұрған жерi бойынша жүргізіледі.  

5. Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің мөлшерін осы Кодекстің 596-бабының 1-тармағына сәйкес осындай ағымдағы төлемдерді төлеушілер болып табылатын салық төлеушілер салықтық кезеңнің басында бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған салық салу объектілерінің баланстық құнына тиісті салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы айқындайды. 

6. Осы Кодекстің 596-бабының 1-тармағына сәйкес мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуші болып табылатын салық төлеушілер осындай ағымдағы төлемдердің сомаларын салықтық кезеңнің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей, тең үлестермен төлейді. 

7. Ағымдағы төлемдерді төлеушілер салықтық кезең ішінде салық салу объектілері келіп түскен және (немесе) шығып қалған жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің мөлшерін түзетуді жүргізеді.  

Салықтық кезең ішінде салық салу объектілері келіп түскен жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеушіде осындай ағымдағы төлемдердің сомалары бухгалтерлік есеп деректері бойынша келіп түсетін күнге айқындалған келіп түскен салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-іне салық салу объектілері келіп түскен айдан бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі ағымдағы салықтық кезең айларының санына көбейтілген салықтық мөлшерлемені қолдану арқылы айқындалатын сомаға ұлғайтылады.  

Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеушіде салықтық кезең ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда осындай ағымдағы төлемдердің сомалары шығып қалған салық салу объектілері құнының 1/13-іне салық салу объектілері шығып қалған айдан бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі ағымдағы салықтық кезең айларының санына көбейтілген салықтық мөлшерлемені қолдану арқылы айқындалатын сомаға азайтылады. 

Бұл ретте мыналар: 

ағымдағы салықтық кезеңде келіп түскен салық салу объектілері бойынша – бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша келіп түсетін күнге бастапқы құн; 

қалған салық салу объектілері бойынша – бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша салықтық кезеңнің басындағы баланстық құн шығып қалған салық салу объектілерінің құны болып табылады. 

8. Салық төлеушілер мүлік салығын салықтық кезең үшін декларацияны ұсыну мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді. 

9. Осы Кодекстің 589-бабы 6-тармағы 2) тармақшасының негізінде салық төлеуші болып табылатын тұлға үшін салық сомасы тiркелмеген салық салу объектiсіне құқықтар берілген жағдайда: 

1) беруші тарап үшiн – осындай салық салу объектісін іс жүзінде иеленген және (немесе) пайдаланған (іске қосқан) айдың 1-інен бастап осындай объект қабылдау-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берілген айдың 1-іне дейінгі кезең үшін; 

2) қабылдаушы тарап үшiн – осындай объект қабылдау-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берiлген айдың 1-інен басталған кезең үшін есептеледі.

Статья 1 ...591 592 593 594 595 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

пункт 1 подпункт 2 Первичные бухгалтерские документы подписанные ЭЦП , через платформы различных организаций специализированных по ЭДО, как доверенность, накладная на отпуск товаров, АВР являются законно приравненные к живой печати и подписи по данной статье?


Сәлеметсіз бе. Мен бір бургерде кассир болып істедім 3 күн стажировка, 2 күн толық жұмыс істедім. Кейін денсаулығыма байланысты жұмыстан шығатынымды алдын ала ескерттім. Менеджерге жаздым, чатта переписка сақталған.

Бірақ қазір маған “өз еркіңмен кетсең жалақы берілмейді” деп отыр. Бұл ереже маған жұмысқа кірерде толық түсіндірілмеген, группаға кейін ғана қосты. Ешқандай келісімшартқа қол қойған жоқпын.

Осы жағдайда олар істеген күнімнің ақысын бермеуге құқылы ма? Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бойынша қандай құқықтарым бар?


У вас приведена не полная версия данной статьи. Вот полная версия:

​Статья 115-1 УК РК. Сталкинг

1. Сталкинг, то есть навязчивое преследование лица, совершаемое вопреки его воле, выражающееся в:

- систематическом установлении или попытках установления контакта с лицом (посредством телефонных звонков, текстовых сообщений, социальных сетей или иных средств связи);

- слежке и (или) наблюдении за лицом (в том числе по месту его жительства, работы, учебы или иного времяпрепровождения);

- ​сборе сведений о частной жизни лица без его согласия, если эти действия вызывают у потерпевшего обоснованное опасение за свою безопасность или причиняют психологические страдания,

наказывается:

- ​штрафом в размере до двухсот месячных расчетных показателей (МРП);

- либо исправительными работами в том же размере;

- либо привлечением к общественным работам на срок до двухсот часов;

- либо арестом на срок до пятидесяти суток.

2. То же деяние, совершенное:

а) группой лиц или группой лиц по предварительному сговору;

б) в отношении несовершеннолетнего;

в) в отношении лица, находящегося в беспомощном состоянии или в материальной или иной зависимости от виновного;

г) с применением информационно-коммуникационных технологий (киберсталкинг), —

наказывается:

- штрафом в размере до пятисот МРП;

- либо исправительными работами в том же размере;

- либо привлечением к общественным работам на срок до трехсот часов;

- либо арестом на срок до семидесяти пяти суток.


Жалоба должна содержать факты, даты, документы и четкую просьбу.

Просто “прошу разобраться” часто не работает.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться