Ст. 595 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
595-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
1. Жылдық төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салықтық кезеңнiң бiрiншi күнiне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерiнде айқындалады. 2. Радиобайланыстың мынадай түрлері үшін жылдық төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Радиобайланыс түрлерi | Пайдалану аумағы | Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК) |
1. | Дербес радиошақыру радиожүйелерi (енi 25 кГц жиiлiк берілгені үшiн) | облыс, республикалық маңызы бар қала және астана | 10 |
2. | Транкинг байланысы (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц радиоарна үшiн) | ||
2.1. | республикалық маңызы бар қала және астана | 140 | |
2.2. | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 80 | |
2.3. | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 10 | |
3. | УҚТ-диапазонды радиобайланыс (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн) | ||
3.1. | республикалық маңызы бар қала және астана | 80 | |
3.2. | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 60 | |
3.3. | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 15 | |
4. | УҚТ-диапазонды радиобайланыс (енi 25 кГц симплекстi арна үшiн) | ||
4.1. | республикалық маңызы бар қала және астана | 30 | |
4.2. | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 20 | |
4.3. | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 10 | |
5. | Таратқыштың шығу қуаты: - 50 Вт-қа дейiн; - 50 Вт-тан жоғары болған кезде ҚT-байланыс (бiр жиiлiк берілгені үшiн) | облыс, республикалық маңызы бар қала және астана | 10 20 |
6. | Радиоұзартқыштар (арна үшiн) | облыс, республикалық маңызы бар қала және астана | 2 |
7. | Ұялы байланыс (қабылдауға енi 1 МГц/беруге 1 МГц жиiлiктер белдеуi үшiн) | облыс, республикалық маңызы бар қала және астана | 2 300 |
8. | Жаһандық дербес жылжымалы спутниктік байланыс (қабылдауға енi 100 кГц/ беруге 100 кГц жиiлiктердiң дуплекстi белдеуi үшiн) | Қазақстан Республикасы | 20 |
9. | HUB-технологиясы бар спутниктік байланыс (HUB-қа пайдаланылатын, қабылдауға белдеуi 100 кГц/беруге 100 кГц болатын енi үшiн) | Қазақстан Республикасы | 30 |
9.1. | Геостационарлық емес спутниктер қолданылатын спутниктік байланыс (түйіндесу станциясының бір қабылдау-беру құрылғысына, белдеуі қабылдауға 2МГц/беруге 2МГц болатын ені үшін) | Қазақстан Республикасы | 1 |
10. | HUB-технологиясынсыз спутниктік байланыс (бiр станция пайдаланатын жиiлiктер үшiн) | Қазақстан Республикасы | 100 |
11. | Радиореле желiлері (бiр аралықтағы дуплекстi ұңғыма үшiн): | ||
11.1. | жергiлiктi | аудан, қала, кент, ауыл, ауылдық округ | 40 |
11.2. | аймақтық және магистральдық | Қазақстан Республикасы | 10 |
12. | Сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн) | ||
12.1. | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 25 | |
12.2. | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 2 | |
13. | КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц дуплекстi арна үшiн) | ||
13.1. | республикалық маңызы бар қала және астана | 140 | |
13.2. | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 70 | |
13.3. | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 5 | |
14. | Эфирлiк-кәбілдік телевизия (8 МГц жиiлiктер белдеуi үшiн) | ||
14.1. | халқының саны 200 мың адамнан асатын елдi мекен | 300 | |
14.2. | халқының саны 50 мыңнан 200 мың адамға дейін болатын елдi мекен | 135 | |
14.3. | халқының саны 50 мың адамға дейiн болатын аудандық маңызы бар қала, аудан | 45 | |
14.4. | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл, ауылдық округ) | 5 | |
15. | Теңiздегi радиобайланыс (радиомодем, жағалаулық байланыс, телеметрия, радиолокациялық және т.б.), бiр радиоарна үшiн | облыс | 10 |
3. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату үшін жылдық төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату үшін жиіліктер диапазоны | Пайдалану аумағы | Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Телевизия/жиіліктердің метрлік диапазоны | ||
1.1. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 50 Вт-ты қоса алғанға дейін | республикалық маңызы бар қала және астана | 81 |
облыс | 15 | ||
1.2. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 250 Вт-ты қоса алғанға дейін | республикалық маңызы бар қала және астана | 361 |
облыс | 65 | ||
1.3. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 500 Вт-ты қоса алғанға дейін | республикалық маңызы бар қала және астана | 957 |
облыс | 174 | ||
1.4. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-ты қоса алғанға дейін | республикалық маңызы бар қала және астана | 1 353 |
облыс | 245 | ||
1.5. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-тан жоғары | республикалық маңызы бар қала және астана | 2 344 |
облыс | 425 | ||
2. | Телевизия/ жиіліктердің дециметрлік диапазоны | ||
2.1. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 50 Вт-ты қоса алғанға дейін | республикалық маңызы бар қала және астана | 51 |
облыс | 9 | ||
2.2. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 250 Вт-ты қоса алғанға дейін | республикалық маңызы бар қала және астана | 228 |
облыс | 41 | ||
2.3. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 500 Вт-ты қоса алғанға дейін | республикалық маңызы бар қала және астана | 605 |
облыс | 110 | ||
2.4. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-ты қоса алғанға дейін | республикалық маңызы бар қала және астана | 855 |
облыс | 155 | ||
2.5. | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-тан жоғары | республикалық маңызы бар қала және астана | 1 481 |
облыс | 269 |
4. Алты айды қоса алғанға дейінгі мерзімде тәжірибелік пайдалануды, жарыстарды, көрмелер мен өзге де іс-шараларды өткізу кезеңіне радиожиілік спектрін пайдаланған кезде төлемақы радиобайланыстың түріне, радиожиілік спектрін пайдалану аумағына және таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына қарай, оны нақты пайдалану мерзіміне сәйкес келетін мөлшерде, бірақ жылдық төлемақы мөлшерлемесінің кемінде 1/12 мөлшерінде белгіленеді.
Ені осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілгеннен ерекшеленетін дуплексті (симплексті) арнаның белдеуін пайдалана отырып технологиялар қолданылған жағдайда, төлемақы мөлшерлемелері төлеуші осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген дуплексті (симплексті) арна белдеуінің еніне нақты қолданатын дуплексті (симплексті) арна белдеуі енінің үлес салмағы негізге алына отырып айқындалады.
Кең белдеулі сигнал технологиясы пайдаланылған кезде қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц болатын белдеу үшiн төлемақы алынады.
Ескерту. 595-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Добрый день!
Подскажите пожалуйста, если у меня есть решение суда что виновник ДТП виноват. Но ущерб по авто не возмещен. Судья ссылаясь на то, что я передала авто самостоятелно без принуждения, и я не являюсь потерпевшей, так как машина является моей собственностью и суд как бы не имеет никакого отношения. И этот мой иск по требованию возмещения ущерба с виновника спорно. Для чего мы обращаемся в суд, если закон меня не защитит если на мое имущество нанесли повреждения?!
Виновник виноват, НО он не обязан восстанавливать машину, так как это мои необдуманные действия как владельца авто - вот так вот примерно выразился суд. Как же сложно потерпевшим в нашей стране( Быть виноватым проще простого! Ничего не нужно говорить и доказывать
Здравствуйте, если гражданское лицо, подает жалобу через eotinish в надзорный орган, специалист органа имеет ли право изменять формулировку текста с "жалобы" на "заявление", назначают исполнителя далее согласно статье 65 АПК РК, отписывается в другой надзорный орган, где другой специалист вносит свою корректировку и "заявление" становится "сообщением"? И второй вопрос если Министерство здравоохранения отписывает управлению здравоохранения, соответственно управление после всех корректировок отписывает в поликлинику для обработки сути и ответа на обращение. Вопрос все выше перечисленные надзорные органы должны ли в последующем проконтролировать ответ и сроки?
Ответ:
Если переодевание в сменную одежду является обязательным для работы (использование данной одежды предусмотрено требованиями охраны труда), то время на переодевание следует отнести к рабочему времени работника.
К сожалению тут отсутствует информация касательно повторного использования резерва правительства на одни и те же цели в течении текущего года
Здравствуйте. Будьте добры, подскажите пожалуйста пункт, статью в законе, где прописано что НЕЛЬЗЯ использовать резерв Правительства ПОВТОРНО на одни и те же цели в течении текущего года.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей