Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 605 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025

ҚР Салық кодексi
605-бап. Төлемақы мөлшерлемелері

1. Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерінде айқындалады.  

2. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш шаршы метрге дейін болатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: 
Р/с
№ 
Жолдар санаты 
Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК) 



1. 
Қалаға кіреберістер 

2. 
I, II 

3. 
III 

4. 
IV 

 

Сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш және одан да көп шаршы метр болатын мұндай жарнаманы орналастыру кезінде базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағы ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына пропорционалды түрде көтеріледі. 

3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері және оны орналастыру жағының ауданы негізге алына отырып белгіленеді: 
№ р/с 
Сыртқы (көрнекі) жарнама түрлері 
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бір жағы үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) 


республикалық маңызы бар қалада және астанада 
облыстық маңызы бар қалада және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде 
аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жерде және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде 





1. 
Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы қоспағанда, 2 ш.м-ге дейінгі сыртқы (көрнекi) жарнама 


0,5 
2. 
Лайтбокстар (сити-форматта) 



3. 
Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама: 



3.1. 
2-ден 5 ш.м-ге дейін 



3.2. 
5-тен 10 ш.м-ге дейін 
10 


3.3. 
10-нан 20 ш.м-ге дейін 
20 
10 

3.4. 
20-дан 30 ш.м-ге дейін 
30 
15 

3.5. 
30-дан 50 ш.м-ге дейін 
50 
20 

3.6. 
50-ден 70 ш.м-ге дейін 
70 
30 
12 
3.7. 
70 ш.м-ден жоғары 
100 
50 
25 
4. 
Шатырүсті жарықты сыртқы (көрнекі) жарнама (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер): 



4.1. 
30 ш.м-ге дейін 
30 
20 

4.2. 
30 ш.м-ден жоғары 
50 
30 

5. 
Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, вымпелдардағы, штандарттардағы, көше жиһаздарындағы (жабдықтарындағы) сыртқы (көрнекі) жарнама: 



5.1. 
5 ш.м-ге дейін 



5.2. 
5-тен 10 ш.м-ге дейін 



5.3. 
10 ш.м-ден жоғары 



6. 
Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, уақытша типтегі дүңгіршектердегі сыртқы (көрнекі) жарнама: 



6.1. 
2 ш.м-ге дейін 



6.2. 
2-ден 5 ш.м-ге дейін 



6.3. 
5-тен 10 ш.м-ге дейін 



6.4. 
10 ш.м-ден жоғары 



7. 
Жылжымалы жайма жарнама 
10 


8. 
Бейнекөрініс арқылы таратылатын, ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама: 



8.1. 
20 ш.м-ге дейін 
20 
14 

8.2. 
20 ш.м-ден жоғары 
30 
24 
16 
9. 
Жүгіртпе жол арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнама 



 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдарының елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жеріне қарай екі еседен асырмай арттыруға құқығы бар. 

Ескертпе. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағы деп, орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманың, оның ішінде көріністердің, бейнекөріністердің, қазақ және орыс тілдеріндегі жүгіртпе жолдардың санына қарамастан, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері мен оны орналастыру жағының алаңы негізге алынатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жағы түсініледі. 

Ескерту. 605-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.01.2019 № 215-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...603 604 605 606 606‑1 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?


Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;


если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?


8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно

нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться