Ст. 623 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
623-бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi
1. Мемлекеттiк баж: 1) соттар қарайтын істер бойынша – Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 106-бабының үшінші бөлігінде көзделген істерді қоспағанда, тиісті әкімшілік талап қою, арыз (шағым) немесе сот бұйрығын шығару туралы арыз берілгенге дейін, сондай-ақ сот құжаттардың көшірмелерін берген кезде;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1) тармақшаны екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) нотариаттық әрекеттердi орындағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың көшiрмелерiн, телнұсқаларды бергенi үшiн – жасалған нотариаттық әрекеттi тiркеген кезде;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 06.02.2023 № 196-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн, азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерістер, толықтырулар, қалпына келтірулер мен түзетулер енгiзгенi үшiн, сондай-ақ анықтамалар және қайтадан куәлiктер бергенi үшiн – оларды берген кезде;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 06.02.2023 № 196-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша неке бұзуды мемлекеттiк тiркегенi үшiн – актiні тiркеген кезде;
5) мыналарды:
Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және жол жүру құжатын бергені үшін;
жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін (рұқсат беру куәлігінің телнұсқасын) бергені үшін;
аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін;
мыналарды:
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды;
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды;
жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын);
жабайы жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) бергені үшін;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын иеленуге, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар бергені үшін;
азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсаттар бергені үшін;
жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа да құрылғыларды, үрлемелі энергиясы 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi 4,5 мм-ді қоса алғанға дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты iстер бойынша;
зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп тануға, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкілдердi аттестаттауға және патенттік сенiм бiлдiрiлген өкіл ретінде тiркеуге байланысты заңдық мәні бар әрекеттер жасағаны үшiн;
теңізшінің жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын және кәсіби дипломды бергені үшін тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
6) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын бергені үшін – тиісті құжаттарды, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын бергенге дейін;
7) Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қойғаны үшiн - апостиль қойғанға дейiн төленеді.
2. Мемлекеттiк баж уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жерi бойынша есепке жатқызылады.
3. Мемлекеттік баж сомаларын бюджетке төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде қолма-қол ақшаны енгізу жолымен жүргізіледі.
4. Мемлекеттік баж сомалары қолма-қол ақшамен төленген кезде мұндай қабылданған мемлекеттік баж сомаларын уәкілетті мемлекеттік органдар ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға кейіннен оларды бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері АЕК-тің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады.
Ескерту. 623-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-параграф. Консулдық алым
Лучшие юристы





Нотариус является плательщиком НДС, обязан ли выписывать ЭСФ?
Добрый день, какой срок исковой давности при проверке антимонопольного коммитета? Нам пришло постановление на ИП с 2018 г., она на упрощенке и бухучет не велся, многие документы потеряны. как быть?
Здравствуйте. В статье 135. «Вахтовый метод работы» ТК РК сказано, что вахтой считается период, включающий время выполнения работ на объекте и время междусменного отдыха.
В пункте 1 статьи 208 написано, что работник при донации крови в рабочие дни освобождается от работы с сохранением средней заработной платы, а в 3-ем пункте этой же статьи говориться, что , если по соглашению с работодателем работник, являющийся донором, в дни донации крови и (или) ее компонентов приступил к работе, ему предоставляется по его желанию другой день отдыха с сохранением за ним средней заработной платы либо этот день может быть присоединен к ежегодному трудовому отпуску.
Значит ли это что вслучае донации в период междусменного отдыха работник в праве получить второй оплачиваемый день отпуска, помимо дня оговоренного в пункте 2 статьи 208.
Здравствуйте, учитывается ли обучение в средних специальных учебных заведениях(колледже), в трудовой книжке(стаже работы)?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей