Ст. 630 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
630-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылғы 1 қаңтарға мынадай:
1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары (зайыптары), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары (зайыптары);
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары (зайыптары), дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары (зайыптары) болып табылатын жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынады.
2. Егер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылдың алдындағы жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырады.
3. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы – активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі белгіленген міндет алғаш туындауға байланысты жеке тұлға ұсынатын осындай декларация;
2) кезекті – жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны ұсынғаннан кейін "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
3) қосымша – өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын, бұрын ұсынылған жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
4) хабарлама бойынша қосымша – жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы бұзушылықтарды анықтаған, бұрын ұсынылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация.
4. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация:
1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдардың ұсынуын;
2) осы Кодекстің 211-бабында көзделген қосымша салықтық есептілікті ұсынуды қоспағанда, бір рет ұсынылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
631-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
631-баптың осы редакциясы 01.01.2025 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен (тоқтатылған редакциясын ҚР 25.12.2017 Салық кодексінің 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасынан қараңыз).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Как можно обжаловать решения судьи по адм нарушение. По канабису. Результаты анализа мед тестов спасибо заранее
Здравствуйте! помогите Как перейти с СНР для субъектов малого бизнеса на основе упрощенной деклорации на СНР с использованием СМП
С 2015 года для субъектов малого бизнеса тоо пЕчать было пО желанию,если тоо открыто 2010 году,может ли гос орган требовать договоре аренды пЕчать
Төтенше жағдай кезінде 471 бап 2 тармағынан уәкілетті орган уақытылы отчет тапсырмаған осы бағытта заң қарастырылған ба
Случился конфликт с главным бухгалтером предприятия, он пользуясь авторитетом убедил руководителя расторгнуть со мной трудовой договор. моего заявления как Приказа на увольнение ещё нет,а он приедставил коллектву нвого руководителя офрмил на него ЭЦП. Меня вынуждают уволиться по собственному желанию создав нетерпимую атмосферу в коллективе и обещая проблемы в последующем (устно). терять работу нет желания но и работать в таких условиях не представляется возможным. Подскажите как поступить в данной ситуации?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей