Ст. 631 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
631-бап. Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлеушілер төлемақы сомасын жерүсті су объектілерінің су ресурстарын алудың және (немесе) пайдаланудың іс жүзіндегі көлемдеріне және белгіленген мөлшерлемелерді негізге ала отырып есептейді.
2. Тірек гидротехникалық және суды реттейтін құрылыстары бар су объектілерінде су көлігімен тасымалдау көлемі үшін төлемақы сомасы тасымалданған жүктердің тоннасына/километріне есептеледі.
3. Төлеушілер (шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерден басқа) су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялары белгілеген жерүсті су объектілерінің су ресурстарын алудың және (немесе) пайдаланудың ай сайынғы көлемі негізінде есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей су пайдаланудың іс жүзіндегі көлемі үшін төлемақының ағымдағы сомасын бюджетке төлейді.
4. Төлемақы сомасы рұқсат беру құжатында көрсетілген арнайы су пайдалану орны бойынша бюджетке төленеді.
5. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақыны осы Кодекстің 732-бабында белгіленген мерзімдерде төлейді.
6. Жылу энергетикасы кәсіпорындары жерүсті су объектілерінің су ресурстарын алу және (немесе) пайдалану көлемі шегінде тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық мұқтаждықтар үшін жылу энергиясын өндіру үшін, сондай-ақ агрегаттарды салқындату (қайтарымды су тұтыну) үшін технологиялық мұқтаждықтарға жұмсалатын су үшін төлемақы мөлшерін тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсететін ұйымдар үшін көзделген мөлшерлемелер бойынша айқындайды.
Суды қайтарымсыз тұтыну үшін төлемақы мөлшері өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша айқындалады.
7. Жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен осындай балық шаруашылығы су аудындарының учаскелерін бекітіп беру қағидаларында айқындалады.
8. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының сомасы осындай балық шаруашылығы су айдындарының учаскелеріне бекітіп беруді жүзеге асыратын органның тұрған жері бойынша бюджетке төленеді.
Төлеу аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскесін бекітіп беру туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Салық кодексi 629-бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi ҚР Салық кодексi 628-бап. Салықтық тексерулер жүргiзудiң мерзiмдiлiгi Налоговый Кодекс РК Статья 634. Особенности составления декларации о доходах и имуществе ҚР Салық кодексi 633-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация ҚР Салық кодексi 634-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация жасау ерекшеліктеріРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей