Ст. 651 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
651-бап. Салық салынатын кірісті айқындау
1. Егер осы Кодекстің осы бабында және 653-бабында өзгеше белгіленбесе, бейрезидент-заңды тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау, тұрақты мекемесінің кірісінен корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстің осы бабының және 224 – 293, 299 – 315-баптарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі. 2. Бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің жылдық жиынтық кірісін Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап алынған (алынуға жататын), осындай тұрақты мекеменің қызметімен байланысты кірістердің мынадай түрлері:
1) осы Кодекстің 644-бабының 1-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын кірістер;
2) осы Кодекстің 226-бабының 1-тармағында көрсетілген, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына енгізілмеген кірістер;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден, оның ішінде жұмыскерлер немесе басқа да жалданған персонал арқылы алынған кірістер;
4) бейрезидент-заңды тұлғаның басқа мемлекеттердегі құрылымдық бөлімшелерінің кірістерін қоса алғанда, осы бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асырылатын қызметіне ұқсас немесе біртектес Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асырудан алатын кірістері құрайды.
Бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің жылдық жиынтық кірісіне:
1) осы Кодекстің 644-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған кірістер;
2) бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің осындай бейрезидент-заңды тұлғаның бас кеңсесі немесе басқа құрылымдық бөлімшелері алдындағы міндеттемелері бойынша халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес туындайтын оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі қосылмайды.
3. Бейрезидент кәсіпкерлік қызметті Қазақстан Республикасындағы өзінің тұрақты мекемесімен бірлесіп орындалатын бір жобаның немесе байланысты жобалардың шеңберінде Қазақстан Республикасында да, оның шегінен тыс жерлерде де жүзеге асыратын жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаға қарамастан әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін кіріс осындай тұрақты мекеменің кірісі болып есептеледі.
4. Бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі өндірген тауарларды бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан басқа құрылымдық бөлімшесі өткізетін болса, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаға қарамастан әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін кіріс бейрезидент-заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемесінің кірісі деп танылады.
5. Осы бапты қолдану мақсатында бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің кірісі Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының нормалары ескеріле отырып айқындалады.
6. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығыстарды, сондай-ақ осы Кодекстің 644-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған кірістерді алуға бағытталған шығыстарды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін кірістерді алумен тікелей байланысты шығыстар, олардың Қазақстан Республикасында немесе оның шегінен тыс жерлерде жұмсалғанына қарамастан, шегерімге жатады.
7. Бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемеге:
1) осы бейрезидент-заңды тұлғаның меншігін немесе зияткерлік меншігін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төленетін роялти, гонорарлар, алымдар және басқа да төлемдер;
2) бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемеге көрсеткен қызметтері үшін кірістер;
3) осы бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемеге берген қарыздары бойынша сыйақылар;
4) бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметінен кірістер алуымен байланысты емес шығыстар;
5) құжатпен расталмаған шығыстар;
6) бейрезидент-заңды тұлғаның осы Кодекстің 662-бабының 2-тармағында айқындалған, Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырумен байланысты емес басқару және жалпы әкімшілік шығыстары түрінде ұсынылған соманы тұрақты мекемеге шегерімге жатқызуға құқығы жоқ.
8. Бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің осындай бейрезидент-заңды тұлғаның бас кеңсесі немесе басқа құрылымдық бөлімшелері алдындағы міндеттемелері бойынша халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес туындайтын теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырманың сомасынан асып кетуі бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің шегеріміне жатқызылмауға тиіс.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Менің жұбайым 1 топ мүгедегі мен оның қорғаншысымын. Өзім мектепте жұмыс жасаймын, жалақымнан салық ұстамайтын заң барма
Я думаю погуглите бейсбол, в свободное время много раз в него играл, довольно интересно для такого любителя спорта, как я.
hello, i need to
Здравствуйте. Отчисляются ли пенсионные взносы для тех, кто вышел на пенсию как многодетная мать с 5-мя детьми?
ҚР Еңбек кодексі 126-2-бап бойынша өзгеде кепілдіктері беріледі деген. Сол өзгеде кепілдіктерді толық қайдан қарауға болады?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей