Ст. 665 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
665-бап. Шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі
1. Бейрезидент-заңды тұлға бас кеңсенің және Қазақстан Республикасындағы және басқа елдердегі тұрақты мекемелердің кірістері мен шығыстарын (басқару және жалпы әкімшілік шығыстарды қоса алғанда) бөлек есепке алуды жүргізген жағдайда бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі пайдаланылады. 2. Егер бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары растайтын құжаттар негізінде айқындалатын болса және тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында тікелей жұмсалса, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме оларды осы бапқа сәйкес шегерімге жатқызады.
3. Мыналар:
1) бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында жұмсаған бөлінетін шығыстарын растайтын бастапқы есепке алу құжаттары;
2) бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жұмсаған бөлінетін шығыстарын растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері;
3) бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында Қазақстан Республикасында да, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде де жұмсаған бөлінетін шығыстарын есепке алу бойынша осы шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының негізінде жасалған салықтық тіркелімдер растайтын құжаттар болып табылады.
Салықтық тіркелімнің нысаны, оны толтыру тәртібі Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның салықтық есепке алу саясатында бекітіледі;
4) бейрезидент-заңды тұлғаның өзі құрылған және (немесе) осындай заңды тұлға резиденті болып табылатын мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және осындай бейрезидент-заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған, сондай-ақ басшының қолтаңбасымен куәландырылған қаржылық есептілігінің көшірмесі растау құжаттары болып табылады.
Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілікте бейрезидент-заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының жалпы сомасы жеке жолмен бөлек көрсетілуге тиіс;
5) бейрезидент-заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық есептің көшірмесі (осындай қаржылық есептіліктің аудиті жүзеге асырылған кезде) растау құжаттары болып табылады.
Лучшие юристы





Здравствуйте! Я попал в аварию,пострадал пассажир. 345 часть 2 возбудили через 3 дня дело закрыли до суда! Решение Адм.штраф!освобожден от уг.ответсвенности !теперь прошло 3 года .не принимают на работу в погран войска.это законно? По СГО вроде могу!
Здравствуйте! Нам отказали в утверждении зем. проекта по вопросу разделения зем.участка по 109ст. Земельного Кодекса РК. Как нам быть?
Здравствуйте! Можно ли принять на работу человека который был уволен по ст.52 п.1 п.п.11 тк рк?
Добрый день! Не нашла информацию про срок выплаты суточных до убытия? есть ли данный регламентированный срок?
Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей