Ст. 69 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
69-бап. Салықтық бақылау
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау салықтық бақылау болып табылады. 2. Салықтық бақылау:
1) салықтық тексеру нысанында;
2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
3. Салықтық бақылаудың осы нысандары шеңберінде:
1) салықтық міндеттеменің, әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттердің орындалуын есепке алу;
2) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібінің сақталуын бақылау;
3) акцизделетін тауарларды, сондай-ақ авиациялық отынды, биоотынды және мазутты бақылау;
4) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;
5) мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау;
6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін бақылау;
7) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылау;
8) құзыреттер шегінде таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың айналымын бақылау жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары шеңберінде:
1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;
2) салықтық нысандарды қабылдау;
3) камералдық бақылау;
4) салықтық мониторинг;
5) салықтық зерттеп-қарау;
6) этил спиртін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртінің есепке алынуын бақылау;
7) 01.01.2019 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен;
8) тауарлардың айналымын қадағалап отыру жүзеге асырылады.
5. Уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп камералдық бақылау, салықтық тексеру жүргізудің ерекше тәртібін және өздеріне қатысты осындай тексеру жүргізілетін тұлғалар тізбесін айқындайды.
6. Салықтық тексеру жүргізудің жалпы тәртібі осы Кодексте, сондай-ақ осы Кодекспен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады.
7. Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері осы Кодексте айқындалады.
8. Кеден органдары өз құзыреті шегінде осы Кодекске, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуiмен байланысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және төленуге салықтар бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.
Ескерту. 69-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте! Я попал в аварию,пострадал пассажир. 345 часть 2 возбудили через 3 дня дело закрыли до суда! Решение Адм.штраф!освобожден от уг.ответсвенности !теперь прошло 3 года .не принимают на работу в погран войска.это законно? По СГО вроде могу!
Здравствуйте! Нам отказали в утверждении зем. проекта по вопросу разделения зем.участка по 109ст. Земельного Кодекса РК. Как нам быть?
Здравствуйте! Можно ли принять на работу человека который был уволен по ст.52 п.1 п.п.11 тк рк?
Добрый день! Не нашла информацию про срок выплаты суточных до убытия? есть ли данный регламентированный срок?
Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей