Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 70 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.04.2026

ҚР Салық кодексi
70-бап. Қатысу үлесі және акциялар түріндегі мүлікті сенімгерлік басқару кезінде корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері

1. Салықтық есепке алу мақсаттары үшін: 

сенімгерлік басқарудағы қатысу үлесі мен акциялар бойынша дивидендтер түріндегі, сенімгерлік басқарушы жұмсаған шығындар сомасына азайтылған, мүлікті сенімгерлік басқару шарты, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы акт немесе мүлікті сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайлар және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебі негізінде өтелген (өтеуге жататын) кіріс сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісі болып табылады; 

қатысу үлестерін және акцияларды сенімгерлік басқарудан түсетін мүлік сенімгерлік басқару құрылтайшысының мүлкі болып табылады. 

Мүлікті сенімгерлік басқару шартында, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде немесе мүлікті сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайда көзделген, сенімгерлік басқарушыға төлеуге жататын сыйақы сенімгерлік басқару құрылтайшысының шығындары болып табылады. 

Сенімгерлік басқарушының қатысу үлестері мен акцияларды сенімгерлік басқарудың кірісіне мыналар қосылады: 

мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде көзделген сыйақы; 

сенімгерлік басқарушы жұмсаған, өтелуі мүлікті сенімгерлік басқару шартында, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде немесе мүлікті сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайда және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебінде көзделген шығындар сомасы. 

Сенімгерлік басқарушы жұмсаған, өтелуі мүлікті сенімгерлік басқару шартында, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде немесе мүлікті сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайда және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебінде көзделген қатысу үлестері мен акцияларды сенімгерлік басқару шығындары салықтық есепке алу мақсаттары үшін осындай сенімгерлік басқарушының шығындары болып табылады. 

Мұндай шығындар сенімгерлік басқарудағы қатысу үлесі мен акциялар бойынша дивидендтер түріндегі сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісін азайтады және сенімгерлік басқару құрылтайшысында шығындар, шығыстар ретінде есепке алынбайды. 

2. Сенімгерлік басқару құрылтайшысы осы Кодексте айқындалған тәртіппен корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық міндеттемені орындайды. 

3. Сенімгерлік басқарушы қатарына осындай сенімгерлік басқарушы жататын тұлғалар үшін осы Кодекстің Ерекше бөлігінде айқындалған тәртіппен қатысу үлестері мен акцияларды сенімгерлік басқарудың кірістері, шығындары және мүлкі бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық міндеттемені орындайды.
Статья 1 ...68 69 70 71 72 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

у меня был евразийский. ходили в офис и писали на возврат. они были в шоке, обычно никто не просит, обычно возвращают если умер владелец, но вы же живы менеджер говорит , показала пункт в договоре они ходили долго совещались, походу сами не читали его никогда. писали заявление в 2-х экземплярах, один забрали с отметкой что они приняли и указали пункт в договоре страхования о том что имеем право запросить разницу при условии досрочного гашения авто кредита, и то оказывается мы должны были за месяц предупредить что хоти досрочно закрыть кредит. справку взяли в банка что не должны им. так что прочитайте договор страхования.



доброе утро. Как можно вернуть сумму страхования номад лайф . Оформиои при получение автокредитования


Добрый день.

какая нагрузка на грузчиков в производственных предприятиях установлено в ТК РК? существуют ли какие-то нормативы?


Тараз,Валерий, в п 5 ст 590 ни слова не сказано об отражающем жилете,и как это может влиять на безопасность движения, прокомментируйте пожалуста


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться