Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 709 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.11.2024

ҚР Салық кодексi
709-бап. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйымдар мен дара кәсіпкерлерге және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына салық салу

Ескерту. 709-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым немесе дара кәсіпкер арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері (салық салу объектілері) бойынша жер салығының, мүлік салығының және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының бюджетке төленуге жататын сомасын айқындау кезінде есептелген салық және (немесе) төлемақы сомасын 100 пайызға азайтады. 

Осы тараудың мақсатында осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген азайту салықтар мен төлемақы бойынша преференциялар болып табылады.  

Салықтар мен төлемақы бойынша преференциялар: 

арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасалатын айдың 1-күнінен бастап – жер салығы бойынша; 

салық салу объектісі пайда болған күннен бастап, бірақ арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасалған күннен кейін – мүлік салығы бойынша; 

арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасалған айдың бірінші күнінен бастап – уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ арнайы экономикалық аймақтың қолданылу мерзімінен аспайтын жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша қолданылады. 

2. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан салық салу объектілері (салық салу объектісі) пайдаланылған жағдайда, қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде де, қызметтің өзге түрлерін жүзеге асыру кезінде де осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің ережелері қолданылатын салық немесе төлемақы сомасы қызметтің басым түрлерінен түсетін кірістердің жылдық жиынтық кіріске үлес салмағына пропорционалды түрде айқындалады. 

3. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шартты бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес салықтар мен төлемақы бойынша преференциялар шартты бұзуға себеп болып табылатын бұзушылыққа жол берілген салықтық кезең басталған күннен бастап жойылады. 

Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде шартты бұзуға себеп болып табылған бұзушылық күнін көрсете отырып, олармен жасалған шарт бұзылған арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары туралы мәліметтерді осындай қатысушылардың тұрған жеріндегі салық органдарына ұсынады. 

Бұл ретте салық төлеуші шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей шартты бұзуға себеп болып табылған бұзушылыққа жол берілген салықтық кезең үшін қосымша салықтық есептілікті ұсынуға міндетті.  

4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асырудың нәтижесі болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынған кірістер бойынша осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады. 

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі, мұндай өткізу шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерінің тізбесіне кіретін жағдайларды қоспағанда, мынадай құрылыс объектілерін: 

жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін;  

жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылымды, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін өткізуден түскен кірістер бойынша қолданылмайды. 

Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын, зияткерлік меншік объектілерінен және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірісті айқындау тәртібін уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды. 

5. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер бюджетке төлеуге жататын жеке табыс салығының сомасын айқындау кезінде, есептелген жеке табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады. Осы тармақтың ережесі қызметін жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге қолданылады. 

6. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым немесе дара кәсіпкер қызметтің тиісті басым түрі және қызметтің өзге түрлері бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді.  

7. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымның немесе дара кәсіпкердің қызметтің басым түріне жатпайтын өзге түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістеріне жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы салынуға жатады. 

8. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа ережелерін қолдануға құқылы емес.  

9. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым қызметтің басым түрлерін жүзеге асырумен айналысатын жұмыскерлерге кірістер түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары бойынша бюджетке төленуге жататын есептелген әлеуметтік салықтың сомасын, мұндай шығыстар салықтық кезең үшін мұндай ұйымның бухгалтерлік есебі бойынша шығыстарының жалпы сомасының кемінде 70 пайызын құрайтын жағдайда 100 пайызға азайтады. Осы тармақта көрсетілген шығыстар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалады. 

Осы тармақтың қолданылу мерзімі заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шартты жасасқан айдың 1-күнінен басталады. 

10. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниялары бюджетке төленуге жататын, жер салығының, мүлік салығының және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының сомасын айқындау кезінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын (пайдалану жоспарланатын) салық салу объектілері (салық салынатын объектілер) бойынша есептелген салық пен төлемақы сомаларын 100 пайызға азайтады. 

11. Осы баптың 1, 4, 5 және 9-тармақтарында көзделген салықтар және (немесе) төлемақы сомаларын 100 пайызға азайтуды қолдану мерзімі Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасында белгіленген санаттарға қарай, бірақ қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімінен және арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мерзімінен аспай: 

А санаты – 7 жыл ішінде; 

В санаты – 15 жыл ішінде; 

С санаты 25 жыл ішінде жүзеге асырылады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым және дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру туралы шартты 2024 жылғы 1 қаңтардан кейін жасасқан кезде қолданады. 

Ескерту. 709-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...707 708 709 710 711 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

в каком документе указано, что родители, обучающихся в 1-4 классах, обязаны привести и забрать ребенка из рук в руки классному руководителю? подскажите


Менің жұбайым 1 топ мүгедегі мен оның қорғаншысымын. Өзім мектепте жұмыс жасаймын, жалақымнан салық ұстамайтын заң барма


Я думаю погуглите бейсбол, в свободное время много раз в него играл, довольно интересно для такого любителя спорта, как я.



Здравствуйте. Отчисляются ли пенсионные взносы для тех, кто вышел на пенсию как многодетная мать с 5-мя детьми?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться