Ст. 714 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
714-бап. Салық салу объектiсi
Жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбалардың экспортқа өткізілетін және мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуге мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға өткізетін көлемдерді қоспағанда, экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі экспортқа рента салығын салу объектісі болып табылады. Осы Кодекстің осы бөлімінің және 23-бөлімінің мақсаттары үшін экспорт деп: 1) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімінде жүзеге асырылатын тауарларды әкету;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізу түсініледі.
Экспортқа рента салығын есептеу үшін шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемi мынадай тәртіппен:
шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы шегінен тыс жерге экспортқа өткізу кезінде – кеден баждарының, алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдердің сомаларын есептеу үшін не Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де кедендік мақсаттарда пайдаланылатын, тауарлардың толық декларациясының 35-бағанында көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде;
шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортқа өткізу кезінде – Қазақстан Республикасының аумағында осындай шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін экспортқа беру маршрутының басында көлік ұйымының тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісінде көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде айқындалады.
Ескерту. 714-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?
Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей