Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 724 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 15.10.2026

ҚР Салық кодексi
724-бап. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған кезде кірістерді айқындау тәртібі

1. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектiсi салықтық кезең үшiн есепке жазу әдісі бойынша алуға жататын (алынған) кіріс (шығыстар есепке алынбай) болып табылады. 

Корпоративтік немесе жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда) есептеу кезінде осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген салық салу объектісі күнтізбелік жылдың басынан бастап өспелі қорытындымен айқындалған осындай салық салу объектісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 000 еселенген мөлшерінен асқан айдан бастап осындай жұмыс беруші салық төлеушінің өз жұмыскерлерінің кірістері бойынша шығыстарының сомасына азаяды. 

2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн айқындалатын кіріс Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерде алынған (алуға жататын) кірістердің мынадай түрлерінен (осы баптың 7-тармағына сәйкес жүргізілген түзетулер ескеріле отырып): 

1) тауарларды өткізуден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кірістен, оның ішінде роялтиден, мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) тапсырудан түсетін кірістен; 

2) мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн кірістен; 

3) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кірістен; 

4) борышкерге ұйғарылған немесе борышкер таныған айыппұлдардан, өсімпұлдан және басқа да санкция түрлерінен (егер бұл сомалар оларды шегерімге жатқызу көзделмейтін арнаулы салық режимін қолдану кезеңінде төленсе, сондай-ақ егер бұл айыппұлдар бұрын салық төлеуші бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған кезеңде шегерімге жатқызылмаса, бюджеттен қайтарылған негізсіз салынған айыппұлдардан басқа); 

5) шығындарды жабу үшін мемлекеттiк бюджет қаражатынан алынған сомадан; 

6) түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артық шығуынан; 

7) кәсiпкерлiк мақсаттарда пайдалануға арналған өтеусiз алынған мүлiк түрiндегi кірістен (қайырымдылық және гуманитарлық көмектен басқа); 

8) жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлкін күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын жалға алушының өтеуінен; 

9) жалға алушының жалға алу шарты бойынша төлемақы есебіне есепке жатқызылатын, дара кәсіпкерден жалға алған мүлікті күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарынан тұрады. 

Егер осы тармақта көзделген кірістер бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша қызметті жүзеге асырудан алынса (алынуға тиіс болса), онда осындай кірістер осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін айқындалатын кіріске енгізілмейді және оларға жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынады. 

3. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану мақсатында қызметін комиссия және (немесе) тапсырма шарттары бойынша жүзеге асыратын тұлғаның кірісіне осындай тұлғаның шарт (келісім) бойынша сыйақысы ескеріле отырып, өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны енгізіледі. 

4. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде осы баптың 2-тармағында көрсетiлген кірістердің мөлшерін: 

1) заңды тұлға – жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен осы Кодекстің 5-бөліміне және осы баптың 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес; 

2) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкер – осы Кодекстің 21-тарауына, осы баптың 5, 6, 7 және 8-тармақтарына және осы Кодекстің 725-бабына сәйкес; 

3) бухгалтерлiк есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептiлiк жасауды жүзеге асыратын дара кәсiпкер – осы Кодекстiң 5-бөліміне және осы баптың 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында кірістердің мөлшерін айқындау тәртібіне ұқсас жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен айқындайды. 

5. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушілер осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген кірістерді алған кезде осы Кодекске сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салықтық есептілік ұсынуды жүргізеді. 

6. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiнiң кірісі ретінде салық салу мақсатында: 

1) мүлікті өтеусіз беретін салық төлеуші үшін – осындай берілген мүлiктiң құны; 

2) дара кәсіпкер өтеусіз алған, оған жарнамалау мақсатында (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны, егер осындай тауар бірлігінің құны осындай беру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса; 

3) егер көрсетілген шығыстар мыналарға: 

Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға; 

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге; 

тұрғынжайды жөндеуге арналған жалға алу төлемақысына енгізілмесе, дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде шеккен шығыстары; 

4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімпұл мен айыппұлдардың сомасы қаралмайды. 

7. Осы тараудың мақсаттары үшін бұрын танылған кіріс сомасы шегінде есепті салықтық кезеңнің кіріс мөлшерін ұлғайту немесе есепті салықтық кезеңнің кіріс мөлшерін азайту түзету деп танылады. 

Осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістер: 

1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған; 

2) мәміле шарттары өзгертілген; 

3) өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағалар, өтемақылар өзгертілген; 

4) баға жеңілдіктері, сатылым жеңілдіктері; 

5) шарт талаптары негізге алына отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төлеуге жататын сомалар өзгертілген; 

6) заңды тұлғадан, дара кәсіпкерден, қызметті Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келмеген қызметті филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның филиалынан, өкілдігінен талапты есептен шығарған жағдайларда түзетуге жатады. 

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген кірісті түзету: 

дебитор-салық төлеуші таратылған кезде оның тарату балансын бекіту күніне талапты кредитор-салық төлеуші талап етпеген; 

заңды күшіне енген сот актісі бойынша салық төлеуші талапты есептен шығарған жағдайларда азайту жағына қарай жүзеге асырылады. 

Осы тармақшада көзделген түзету талаптың туындағанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде есептен шығарылған талаптың және бұрын осындай талап бойынша танылған кірістің сомасы шегінде жүргізіледі. 

Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) – 5) тармақшаларында көзделген түзету осындай түзетуді жүзеге асыру үшін жағдайлардың басталғанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде жүргізіледі. 

Кірістерді түзету осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған салықтық кезеңде жүргізіледі. 

Осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде кіріс болмаған немесе азайту жағына түзетуді жүзеге асыру үшін оның мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда түзету бұрын кіріс түзетуге жатады деп танылған салықтық кезеңде жүргізіледі. 

8. Егер нақ сол кірістер кірістердің бірнеше бабында көрсетілуі мүмкін болса, көрсетілген кірістер кіріске бір рет енгізіледі. 

Салық салу мақсаттары үшін кірісті тану күні осы тараудың ережелеріне сәйкес айқындалады. 

9. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер: 

1) осы Кодекстiң 6-бөлімінің 3-параграфына сәйкес – мүлiктік кірістің; 

2) осы Кодекстің 6-бөліміне сәйкес жеке тұлғаның осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген өзге де кірістерінің мөлшерін айқындайды. 

Бұл ретте тиісті салықтарды есептеу және төлеу, олар бойынша салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстің 6-бөліміне сәйкес жүргізіледі.

Статья 1 ...722 723 724 725 726 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться