Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 723-1 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
723-1-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімдеу кезіндегі салықтық есепке алу ерекшеліктері

1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттан жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімделген жағдайда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қайта ресімдеу жүргізілген салықтық кезеңде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдалануға қайта ресімделген келісімшарт және оның орнына алынған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия жиынтық түрде жер қойнауын пайдалануға арналған біртұтас келісімшарт ретінде қаралады, ал жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға қайта ресімделген келісімшарт бойынша және аталған жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға алынған лицензия шеңберіндегі қызметі бірыңғай бөлек салықтық есепке алу жүргізілетін біртұтас келісімшарттық қызмет ретінде қаралады. 

Егер жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу кезінде жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың орнына жер қойнауын пайдалануға екі және одан көп лицензия берілсе, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қайта ресімдеу жүргізілген салықтық кезең үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт деп жер қойнауын пайдалануға қайта ресімделген келісімшарттың осы баптың 2 – 7-тармақтарына сәйкес лицензияға қайта бөлінген салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге сәйкес келетін бір бөлігі мен көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия жиынтық түрде түсініледі. Тиісінше, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қайта ресімдеу жүргізілген салықтық кезеңде жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға алынған әрбір лицензия шеңберіндегі қызметі және жер қойнауын пайдалануға қайта ресімделген келісімшарт бойынша аталған жер қойнауын пайдаланушы қызметінің соған сәйкес келетін бір бөлігі жиынтық түрде бөлек салықтық есепке алу жүргізілетін жеке біртұтас келісімшарттық қызмет ретінде қаралады. 

2. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттан жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімдеген кезде қайта ресімделген келісімшарт бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер жер қойнауын пайдалану құқығын көрсетілген қайта ресімдеу жүргізілген салықтық кезеңнің басынан бастап қайта ресімделген келісімшарттың орнына алынған лицензия бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер деп танылады.  

Егер жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу кезінде жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың орнына жер қойнауын пайдалануға екі және одан көп лицензия берілсе, жер қойнауын пайдалануға қайта ресімделетін келісімшарт бойынша салықтық есепке алуда ескерілетін салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер жер қойнауын пайдалану құқығын көрсетілген қайта ресімдеу жүргізілген салықтық кезеңнің басынан бастап осы баптың 3-тармағына сәйкес алынған лицензияларға қайта бөлуге жатады және бұдан әрі жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір лицензия шеңберіндегі қызмет бойынша тиісінше бөлек салықтық есепке алуды жүргізу кезінде ескеріледі.  

3. Жер қойнауын пайдаланушының тиісті салықтық кезеңнің басынан бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты лицензиялық режимге қайта ресімдеу күніне дейінгі жалпы және жанама кірістері мен шығыстарын бөлу осы Кодекстің 723-бабының 8, 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.  

Бұл ретте салық төлеуші жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық органын осы Кодекстің 723-бабының 11-тармағына сәйкес бөлудің қайта қарауға және өзгертуге жатпайтын таңдап алынған әдістері туралы хабардар етеді. 

Осы баптың 7-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде мұндай хабарлама болмаған жағдайда, бөлу мақсатында осы Кодекстің 723-бабының 11-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген әдіс қолданылады. 

4. Жер қойнауын пайдалануға қайта ресімделетін келісімшарт бойынша түзілген, амортизацияланатын активтердің кіші тобының (I тобының), тобының, сондай-ақ осы Кодекстің 258-бабында көрсетілген амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының құндық балансын бөлу жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу жүргізілген жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте, амортизацияланатын активтердің кіші тобының (I тобының), тобының көрсетілген құндық балансына енгізілген амортизацияланатын активтер осы Кодекстің 723-бабының 8 және 11-тармағына сәйкес тікелей, жанама және жалпы болып сыныпталуға тиіс. 

5. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу жүргізілген жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақталған тарату қорының қаражаты осы Кодекстің 723-бабының 11-тармағына сәйкес лицензияларға бөлуге жатады және осындай жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу жүргізілген жылы осындай лицензиялардың жылдық жиынтық кірісіне енгізіледі. 

6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімдеу жүргізілген салықтық кезеңнің басында жер қойнауын пайдалануға қайта ресімделетін келісімшарт шеңберінде алдыңғы салықтық кезеңдерден жинақталған залалдар болған жағдайда, көрсетілген залалдар мынадай тәртіппен есепке алынады: 

жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға бір лицензия алған жағдайда – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қайта ресімдеу жүргізілген салықтық кезеңде есепке алынады және олар толық пайдаланылмаған жағдайда осы Кодекстің 300-бабына сәйкес айқындалатын мерзім шегінде көрсетілген лицензия шеңберіндегі қызметтен алынған салық салынатын кіріс есебінен өтеу үшін ауыстырылады; 

жер қойнауын пайдалануға екі және одан көп лицензия алынған жағдайда – осы Кодекстің 723-бабы 11-тармағының ережелері және жер қойнауын пайдаланушының алынған лицензияларға салықтық есепке алу саясаты ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қайта ресімдеу жүргізілген жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бөлінеді, көрсетілген салықтық кезеңде әрбір лицензия бойынша тиісті бөлігінде есепке алынады және осы Кодекстің 300-бабына сәйкес айқындалатын мерзім шегінде тиісті лицензия шеңберіндегі қызметтен алынған салық салынатын кіріс есебінен одан әрі өтеу үшін ауыстырылады.  

7. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген кіші топтардың (І топтың), топтардың жалпы және жанама құндық баланстарын, осы баптың 5-тармағында көрсетілген тарату қорында жинақталған қаражатты, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілген залалдарды бөлу жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 723-бабы 11-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көзделген әдістерден дербес таңдаған сол бір бөлу әдісі бойынша жүзеге асырылады, бұл туралы салық төлеуші жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық органын хабардар етеді және ол қайта қарауға және өзгертуге жатпайды. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде мұндай хабарлама болмаған жағдайда, бөлу мақсатында осы Кодекстің 723-бабының 11-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген әдіс қолданылады. 

Ескерту. 82-тарау 723-1-баппен толықтырылды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

83-тарау. ҚОЛ ҚОЮ БОНУСЫ

Статья 1 ...722‑1 723 723‑1 724 725 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться