Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 738 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 31.10.2026

ҚР Салық кодексi
738-бап. "Астана Хаб" қатысушыларына салық салу

1. Осы Кодекстің 17-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін "Астана Хаб" қатысушылары мынадай салықтық преференцияларды қолданады: 

1) осы тараудың 1-параграфында белгіленген тәртіппен, есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту; 

2) осы Кодекстің 474-бабының 33) тармақшасына сәйкес "Астана Хаб" қатысушылары өндіретін және өткізетін тауарларды өткізу бойынша айналымдарды қосылған құн салығынан босату; 

3) осы Кодекстің 474-бабының 34) тармақшасына сәйкес "Астана Хаб" қатысушылары өткізетін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарды қосылған құн салығынан босату; 

4) осы Кодекстің 479-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әкелінген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату; 

5) "Астана Хаб" қатысушысы-жұмыскерлердің кірістерін осы Кодекстің 556-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әлеуметтік салық салу объектісінен алып тастау. 

2. "Астана Хаб" қатысушыларында есептеу, ұстау және төлеу міндеттемелері туындайтын, бейрезиденттердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірістерінен корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын есептеу және ұстау ерекшеліктері осы Кодекстің 15-бөлімінде көзделген. 

3. Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын "Астана Хаб" қатысушысы сатып алған, Қазақстан Республикасы өткізу орны болып танылатын, бейрезидент өтеулі негізде орындаған жұмыстар, көрсеткен қызметтер осы Кодекстің 454-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды. 

4. Жұмыскердің төлем көзінен салық салуға жататын кірістерінен жеке табыс салығын есептеу кезінде "Астана Хаб" қатысушылары болып табылатын жұмыскерлердің кірістеріне осы Кодекстің 429-бабының 3) тармақшасына сәйкес азайту қолданылады. 

1-параграф. "Астана Хаб" қатысушыларының корпоративтік табыс салығын азайту тәртібі

Статья 1 ...736 737 738 739 740 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.


я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть


Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?


Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться