Ст. 772 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
772-бап. Роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі бойынша салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібі
1. Роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлуге байланысты үлесін төлеу бойынша салықтық міндеттемені ақшалай нысанда орындау мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:
1) осы Кодекстің 722-бабында көрсетілген, өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта роялтиді және (немесе) Қазақстан Республикасының өнімді бөлуге байланысты үлесін төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушының беруі көзделген;
2) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған кезде уақытша, толық немесе ішінара заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.
2. Салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау үшін:
1) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 722-бабында көрсетілген, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және (немесе) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта не осындай келісімде және (немесе) келісімшартта көзделген өзге де құжатта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға береді;
2) мемлекет атынан алушы Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуын ескере отырып, пайдалы қазбаларды дербес немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға арқылы өткізеді.
Жер қойнауын пайдаланушы міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне алынған пайдалы қазбаларды өткізуді мынадай:
заңдылық;
ашықтық;
айқындық;
адалдық;
әділдік;
барынша көп пайда алу;
ілеспе шығыстарды барынша азайту қағидаттарын сақтай отырып, жүзеге асырады;
3) мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес есептелген мөлшерде ағымдағы төлемдерді айқындайды және бюджетке аударады;
4) жер қойнауын пайдаланушы, мемлекет атынан алушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау бойынша декларацияны (ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын) тұрған жеріндегі салық органдарына осы Кодексте айқындалған тәртіппен және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тапсырады.
3. Салықтар бойынша жер қойнауын пайдаланушының салықтық міндеттемені заттай нысанда орындауы үшін салықтық кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады.
Салықтар бойынша жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды іс жүзінде өткізуден алынған ақшаны төлеу бөлігінде мемлекет атынан алушы үшін салықтық кезең күнтізбелік жыл болып табылады.
4. Салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ оларды өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібімен жүзеге асырылады.
5. Жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау туралы декларацияны тұрған жеріндегі салық органына салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей тапсырады.
6. Мемлекет атынан алушы тұрған жеріндегі салық органына:
1) салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей ұсынады.
Осы Кодекстің 210-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынуға, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін оны қайтарып алуға жол берілмейді;
2) күнтізбелік жыл үшін салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау туралы декларацияны есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады.
Мемлекет атынан алушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындауға байланысты қызметке қатысты корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсырмайды.
7. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ағымдағы төлемдерді қоспағанда, салықтық кезең ішінде мемлекет атынан алушы тоқсан сайын салықтарды заттай нысанда төлеу есебіне ағымдағы төлемдерді айқындайды және оларды салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей бюджетке аударады.
Алдыңғы салықтық кезеңдер үшін алынған, бірінші тоқсанда өткізілген пайдалы қазбалар бойынша ағымдағы төлемдер алдыңғы күнтізбелік жылдың төртінші тоқсаны үшін заттай нысандағы ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабында көрсетілуге жатады және осы баптың 8-тармағында белгіленген мерзімде бюджетке аударылады.
Ағымдағы төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес өтелуге жататын, осындай өткізу бойынша шығыстар азайтыла отырып, тиісті салықтық кезеңде пайдалы қазбаларды өткізуден алынған ақша мөлшерінде бюджетке аударылады.
8. Салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау туралы декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды өткізуден алынған ақшаны төлеуді мемлекет атынан алушы жүзеге асырады. Мұндай төлеу өнімді бөлу туралы тиісті келісімде (келісімшартта) және (немесе) осы Кодекстің 722-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген валютада жүзеге асырылады.
Заттай нысандағы салықтық міндеттеменің күнтізбелік жыл үшін мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес айқындалады.
9. Төлеу (аудару) кезінде төлем құжаттарында мемлекет атынан алушының атауы мен сәйкестендіру нөмірі де көрсетіледі.
10. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеме мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеме бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемінің ақшалай мәнге аударылғандағы мөлшерінде айқындалады.
11. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеме бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі жер қойнауын пайдаланушы үшін салықтық кезең үшін берілуге жататын пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мен салықтық кезең үшін іс жүзінде берілген пайдалы қазбалардың физикалық көлемі арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Пайдалы қазбалардың физикалық көлемі осы Кодекстің 722-бабында көзделген, өнімді бөлу туралы келісімдерге (келісімшарттарға), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес айқындалған шартты бағалар қолданыла отырып, ақшалай мәнге аударылады.
Осы Кодекстің 722-бабында көзделген, өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта шартты бағаларды айқындау тәртібі болмаған жағдайда мұндай шартты бағалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес айқындалады.
12. Күнтізбелік жыл бойынша мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеме бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мемлекет атынан алушы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес есептелетін салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың есепті күнтізбелік жыл үшін өткізуге жататын физикалық көлемі мен есепті күнтізбелік жылда іс жүзінде өткізілген пайдалы қазбалардың физикалық көлемі арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Күнтізбелік жыл бойынша мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеме бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мемлекет атынан алушы үшін есепті күнтізбелік жыл үшін орташа өлшемді нақты баға, бірақ осы баптың 11-тармағында көзделген орташа өлшемді шартты бағадан төмен емес баға қолданыла отырып, ақшалай мәнге аударылады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей