Ст. 793 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
793-бап. Салықтық база
1. Салықтық кезеңдегі өткізілген минералды шикізат пен пайдалы қатты қазбалардың, оның ішінде қайта өңдеуден өткендерінің құны роялтиді есептеуге арналған салықтық база болып табылады.
Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, өткізілген минералды шикізат пен пайдалы қатты қазбалардың, оның ішінде қайта өңдеуден өткендерінің құны Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуы ескеріле отырып, оларды өткізу бағасының негізінде, бірақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өткізілген минералды шикізат пен пайдалы қатты қазбаның, оның ішінде қайта өңдеуден өткендерінің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнынан төмендетілмей айқындалады.
Бұл ретте өткізілген минералды шикізат пен пайдалы қатты қазбаның, оның ішінде қайта өңдеуден өткендерінің өндірістік өзіндік құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әрбір операция бойынша айқындалады.
2. Есепті салықтық кезеңде Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында тіркелген ресми баға белгіленімдері бар минералды шикізат пен пайдалы қатты қазбалардың, оның ішінде қайта өңдеуден өткендерінің құны салықтық кезеңде қалыптасқан орташа биржалық баға бойынша айқындалады.
Орташа биржалық баға осы Кодекстің 780-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
3. Осы тараудың мақсаттары үшін өткізу күні халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.
4. Осы Кодекстің 256-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, минералды шикізат пен пайдалы қатты қазбаның, оның ішінде қайта өңдеуден өткендерінің құнын және (немесе) көлемдерін түзету көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде жүргізіледі.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
да, можно, но не автоматически — всё зависит от законодательства о закупках и условий конкурсной документации.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Читать еще раз
ҚР Салық кодексi 817-бап. Салық декларациясы ҚР Салық кодексi 812-бап. Жалпы ережелер ҚР Салық кодексi 819-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртiбi ҚР Салық кодексi 816-бап. Салық төлеу мерзімі ҚР Салық кодексi 813-бап. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу тәртібіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей