Ст. 5 Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302
Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы
5-бап. Химиялық өнімді жіктеу
1. Химиялық өнімді жіктеу адамның өмірі мен денсаулығын сақтауды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тиісті шараларды қолдану мақсатында жүргізіледі. 2. Химиялық өнімді жіктеу химиялық заттар қауіптілігінің түрлері мен санаттары бойынша жүзеге асырылады.
3. Химиялық өнім өндірілу және қолданылу процесінде мынадай қауіп түрлерін:
1) өрт қаупін;
2) жарылыс қаупін;
3) коррозиялық активтілікті;
4) уыттылықты төндіруі мүмкін.
4. Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиянды әсер етуі мүмкін қасиеттері бар химиялық заттар мынадай санаттарға бөлінеді:
физикалық-химиялық қасиеттері бойынша:
1) жарылғыш заттар;
2) тез тұтанатын газдар;
3) тез тұтанатын сұйықтар;
4) тез тұтанатын қатты заттар;
5) тотықтырғыш заттар және органикалық пироксидтер;
6) уытты заттар;
7) коррозиялаушы заттар;
уыттылық қасиеттері бойынша:
1) күшті әсер ететін улы заттар;
2) улы заттар;
3) зиянды заттар;
4) күйдіргіш заттар;
5) көздің және (немесе) терінің кілегей қабықшаларының тітіркенуін туғызатын заттар;
6) сенсибилизациялайтын әсері бар заттар;
адамның денсаулығына ерекше әсер етуі бойынша:
1) канцерогендер;
2) мутагендер;
3) ұрпақты болу функциясына уытты әсер ететін заттар;
қоршаған ортаға әсер етуі бойынша:
1) қоршаған сулы орта үшін қауіпті заттар;
2) қоршаған ауа ортасы және топырақ үшін қауіпті заттар.
5. Химиялық өнімнің санаттары, қауіптілік түрлері және химиялық өніммен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы ақпарат химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде белгіленеді.
6. Химиялық өнімді сынаудың критерийлері мен әдістері, оның физикалық-химиялық және уыттылық қасиеттері, адамның денсаулығы мен өміріне, қоршаған ортаға ерекше әсері химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес айқындалады.
7. Химиялық өнімді химиялық заттардың санаттары бойынша
жіктеуді өтінім беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) оны
нарықта орналастыру үшін тиісті құжаттарды ресімдеуі кезінде көрсетеді.
2-тарау. ХИМИЯЛЫҚ ӨНІМНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Лучшие юристы





Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Читать еще раз
Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 9-бап. Химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау Оңалту және банкроттық туралы 2-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасы 2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы 3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынаРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей