Ст. 114-1 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
114-1-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның құқықтары мен міндеттері
1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған көлемде жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратты олардың заңды өкілдерінің келісуімен алуға;
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдайтын отбасына, баланы қабылдайтын кәсіби отбасына) қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын іріктеуді жүзеге асыруға;
3) жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық типтегі (білім беру, медициналық және басқа да) ұйымдар тәрбиеленушілерін отбасыға орналастыруға жәрдем көрсету үшін олардың ата-ана қамқорлығынан айырылуының нақты мән-жайларын айқындауға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) бала асырап алу құпиясын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын писхологиялық даярлауды жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген және қабылдаған азаматтарға құқықтық көмек көрсетуге, психологиялық және психологиялық-педагогикалық консультация беруге;
4) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым отбасыға тәрбиелеуге орналастырған баланың қайтыс болу, оған қатыгездікпен қарау, оның ішінде балаға физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылықты жасау, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғу фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына хабарлауға;
5) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына өзінің қызметі туралы тоқсан сайынғы есепті ұсынуға;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге міндеттерді сақтауға міндетті.
Ескерту. 14-тарау 114-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2024 № 148-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-БӨЛІМ. Қорғаншылық немесе қамқоршылық, Республикалық деректер
банкі, баланы қабылдайтын, баланы қабылдайтын кәсіби және бала қонақтайтын отбасылар
Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2024 № 148-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
15-тарау. ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ, АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ
ҚАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 113-бап. Агенттіктер филиалдарының және (немесе)өкілдіктерінің қызметін ұзарту, тоқтата тұру және (немесе) тоқтату ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 112-1-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету ж... ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 737-бап. Борышқордың қарсы талаптары Уголовно-процессуальный кодекс РК Статья 407. Порядок производства по делам частного обвинения КР Конституциясы 91-бап. Қазақстан Республикасының Конституциясына Республика Президентiнiң өз бастамасыменРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей