Ст. 117 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
117-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу
1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтауды ата-ананың қамқорлығының болмауы туралы өздеріне белгілі болған барлық жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Жеке және заңды тұлғалар жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы олардың тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарды кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтер келіп түскен кезде оларды анықталған жері бойынша стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына үш тәулікке дейінгі мерзімге орналастыруды қамтамасыз етеді.
3. Медициналық ұйымдардың және бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдары жаңа туған бала тастап кетілген, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар келіп түскен және жеткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына және прокуратурасына хабарлауға міндетті.
4. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің тарапынан қамқорлықтың болмау фактісі анықталған кезде мәліметтер келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде баланың тұрмыс жағдайын зерттеп-қарауды жүргізуге және баланы орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
5. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкіне (бастапқы, орталықтандырылған есепке алу) енгізеді және оларды отбасына (асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы) орналастыруды қамтамасыз етеді.
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу тәртібін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.
6. Алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 148-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 117-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 111-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 148-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2025 № 206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 118-1-бап. Республикалық деректер банкін қалыптастыруға және пайдалануға қойылатын талаптар ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 118-3-бап. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы құпия ақпаратқа қол жеткізу ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 118-2-бап. Республикалық деректер банкін қалыптастыру ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 113-бап. Агенттіктер филиалдарының және (немесе)өкілдіктерінің қызметін ұзарту, тоқтата тұру және (немесе) тоқтату ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 116-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау нысандарыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей