Ст. 132-8 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
132-8-бап. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер
1. Отыз жасқа толған, бірақ алпыс үш жастан аспаған, осы Кодекстің 122-бабының 1-тармағында көзделген талаптарға сай келетін, баланы қабылдайтын кәсіби отбасы туралы ережеде айқындалған тәртіппен баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер бола алады.
Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, тәрбиелеуге қабылданған балаларға қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты дәл сондай құқықтар мен міндеттерді иеленеді.
2. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды күтіп-бағуға, тәрбиелеуге және оларға білім беруге қолайлы жағдайлар жасау үшін баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің меншік немесе пайдалану құқығында әрбір адамға кемінде он бес шаршы метр мөлшерінде тұрғынжайы болуға тиіс.
3. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды ата-аналарына қайтаруға, ал Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды ата-аналарына қайтару мүмкін болмаған кезде – оларды отбасына (асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы) тәрбиелеуге беруге жәрдемдеседі.
4. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді іріктеу, оқыту, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші деп тану туралы қорытынды беру, сондай-ақ баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу тәртібі баланы қабылдайтын кәсіби отбасы туралы ережеде айқындалады.
5. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балалардың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша денсаулық паспортының көшірмесін және оларды тәрбиелеу жөніндегі жұмыс туралы, оларды күтіп-бағуға бөлінген ақшаның жұмсалғаны және олардың мүлкін басқару туралы есептерді тоқсан сайын ұсынуға міндетті.
Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балалардың банк шоттарынан ақша алуға құқығы жоқ.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 132-6-бап. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасы ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 132-5-бап. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 132-10-бап. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуме... Постановление Правительства 1054 13.11.2008 О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 февраля 2008 года № 88 Постановление Правительства 1567 31.12.2013 Об утверждении стандартов государственных услуг Национального Банка Республики КазахстанРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей