Ст. 178 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
178-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы, қайталама куәліктер мен анықтамалар беру
1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар өздеріне қатысты акт жазбасы жасалған адамдарға электрондық нысанда немесе олардың қалауы бойынша қағаз жеткізгіште азаматтық хал актілері мемлекеттік тіркелгеннен кейін беріледі. Электрондық нысанда берілген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, анықтама құжатты берген тіркеуші орган бастығының электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.
Қағаз жеткізгіште берілген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, анықтама құжатты берген тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен, тіркеуші органның елтаңбалы мөрімен бекемделеді.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, анықтаманы берген, Қазақстан Республикасы шет елдегі мекемесінің лауазымды адамының қолтаңбасымен және Қазақстан Республикасы шет елдегі мекемесінің елтаңбалы мөрімен бекемделген құжат қағаз жеткізгіште беріледі.
Қағаз жеткізгіштегі азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы куәлік жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, тіркеуші органдар, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі акт жазбасының негізінде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік береді.
2. Балаларына қатысты ата-ана құқықтарынан айырылған ата-анаға балалардың туу туралы қайталама куәліктері құқықтары қалпына келтірілгенге дейін қайтадан берілмейді.
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәліктер некесін (ерлі-зайыптылықты) бұзған немесе некесі (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылған ерлі-зайыптыларға не ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болғаннан кейін берілмейді.
Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан немесе ол жарамсыз деп танылғаннан не ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болғаннан кейін қажет болған кезде неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы анықтама беріледі, онда некені тоқтату негізі көрсетіледі.
3. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, анықтамалар қазақ немесе орыс тілінде толтырылады.
Азаматтар (ата-аналар, ерлі-зайыптылар, бала асырап алушылар, қайтыс болған адам) туралы мәліметтер олардың жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, анықтамалар нотариат куәландырған сенімхатпен берілуі мүмкін.
Ескерту. 178-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 176-бап. Алимент төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтату ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 175-бап. Сот бұрын белгілеген алимент мөлшерін өзгерту және алимент төлеуден босату ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 180-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің қағидалары мен тәртібі ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 174-бап. Алимент төлеуге міндетті адам Қазақстаннан тыс жерлерге уақытша кеткен немесе тұрақты тұруға кеткен жағдайда алимент төлеу ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 181-бап. Акт кітаптары. Оларды сақтау тәртібі мен мерзімдеріРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей