Ст. 181 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
181-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы акт кітаптары, акт жазбалары, куәліктер мен анықтамалар
Ескерту. 181-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Акт кітаптары тігілген және қатаң реттілікпен нөмірленген, оларды құрастырған тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекемделген бірдей екі жүз акт жазбаларын қамтып, екі данада қалыптастырылады. Акт жазбаларының бірдейлігін тіркеуші органның жұмыскерлері қамтамасыз етеді.
Акт кітаптарының бірінші даналары азаматтық хал актісін бастапқы мемлекеттік тіркеу орны бойынша – ауданның (қаланың) тіркеуші органының архивінде, екінші данасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тіркеуші органының архивінде сақталады.
2. Электрондық нысандағы және қағаз жеткізгіштегі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбаларының, куәліктер мен анықтамалардың нысандарын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақты алып тастау көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Акт кітаптарының бірінші және екінші даналарын бір үй-жайда (ғимаратта) сақтауға тыйым салынады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуші органдарда және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде тіркелген акт жазбаларының электрондық нұсқалары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған уәкілетті органда Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың орталық серверінде сақталады.
5. Бастапқы тіркеу орны бойынша акт кітаптары жетпіс бес жыл бойы сақталады, содан кейін тиісті мемлекеттік мұрағатқа беріледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-тармақты алып тастау көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Екінші даналардың акт кітаптары белгіленген мерзім өткеннен кейін жойылуға жатады.
Ескерту. 181-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 179-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізетін органдар ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 183-бап. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгерту, толықтыру және түзету тәртібі ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 178-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы және қайтадан куәліктер беру ҚР Азаматтық процестік кодексі 389-бап. Арыз бойынша сот шешімі Кодекс РК О браке (супружестве) и семье Статья 66. Имущественные права ребенкаРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей