Ст. 77 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
77-бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары
1. Ата-ана құқықтарынан айыру баламен туыстық фактiсiне негiзделген барлық құқықтардан, оның iшiнде одан күтіп-бағу қаражатын алу, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшiн белгiленген жеңiлдiктер мен мемлекеттiк жәрдемақыны алу құқықтарынан айрылуға әкеп соғады. 2. Ата-ана құқықтарынан айыру ата-аналарды өз баласын күтіп-бағу мiндетiнен босатпайды, бұл міндет оны асырап алуға байланысты тоқтатылады.
3. Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан әрi бiрге тұруы туралы мәселе сот тәртiбiмен шешiледi.
4. Ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылған бала тұрғын жайға меншiк құқығын немесе тұрғын жайды пайдалану құқығын, сондай-ақ ата-аналарымен және басқа да туыстарымен туыстық фактiсiне негiзделген мүлiктiк құқықтарын, оның iшiнде мұра алу құқығын сақтайды.
5. Баланы басқа ата-анаға беру мүмкiн болмаған кезде немесе ата-аналарының екеуi де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда, бала қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршылығына берiледi.
6. Егер бұл балаға теріс әсер етпесе, ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың өтініші бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баламен жолығуға рұқсат етеді.
7. Ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала асырап алуға соттың ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай өткен соң жол берiледi.
Ата-аналарының біреуі ата-ана құқықтарынан айырылған баланы асырап алуға екінші ата-анасының келісімімен жол беріледі.
Лучшие юристы





Добрый день! Обязано ли представлять декларацию ф.270 если человек уволен с госслужбы,
У меня в придомовом подземном паркинге украли вещи на сумму более 40тыс тенге. Есть видео лиц, которые украли. Эти же люди пару дней назад, украли у другого человека тоже. Но следователь утверждает, что паркинг общественное место, и вещи мной там оставленные в случае кражи кем-то неизвестным, не является кражей, а просто становится его находкой. И дело прекращается автоматически на следующие сутки за неимением состава преступления. Это правильно?
Сәлеметсіз бе, Сізге түкте болмайды, сатып алмая қойыңыз. Звандап-звандап қояды өздері
Салеметсізбе интернет магазинге бағасын білмеи заказ жасадым мини деревья енді олар заказды ал деп жатыр мен отказат бердім сотқа береміз деп коркытып жатыр не істеуге болды жолдасым төлемінін керек емес дейді қоркып отырмын сонда отказ жасауға болмаима әлі алған жоқпын почтада жатыр заказ аитыншы не істеуге болады ақша да жоқ алуға .
Салеметсіз бе салық баскармасының кабинетине эцп кілт арқылы арыз жазасыз на возрват денег деген
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей