Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 29.09.2024

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу – уәкiлеттi органның осы Заңда көзделген, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша куәлiкпен расталған бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарының және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың құқықтылығын тануы;

2) бастапқы eceпкe алу құжаттары (бұдан әрi - бастапқы құжаттар) - бухгалтерлiк есеп жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжаттық растамасы;

3) бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйым (бұдан әрi – сертификаттау жөнiндегi ұйым) – кәсiби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүзеге асыратын, кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына (бұдан әрі – акредиттеу қағидалары) сәйкес аккредиттелген заңды тұлға;

4) бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсiби ұйымы (бұдан әрi – кәсiби ұйым) – бухгалтерлердің және (немесе) бухгалтерлiк ұйымдардың бiрлестiгi болып табылатын, аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттелген коммерциялық емес ұйым;

5) бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерi - бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiнде көрсету үшiн есепке алуға қабылданған бастапқы құжаттардағы ақпаратты қорытуға, жүйелеуге және жинақтауға арналған нысандар;

6) бухгалтерлiк ұйым - бухгалтерлiк есеп саласында қызмет көрсететiн, кәсiби ұйымның мүшесi болып табылатын ұйым;

6-1) еншілес ұйым – халықаралық стандарттарға сәйкес негізгі ұйымның бақылауындағы ұйым деп танылатын және халықаралық стандарттар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау үшін негізгі ұйымның қаржылық есептілігін ұсынатын ұйым;

7) жария мүдделі ұйымдар – қаржы ұйымдары (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда), акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерін қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа), астық қабылдау кәсіпорындары, шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік монополия, арнаулы құқық субъектілері, сондай-ақ жарғылық капиталдарында мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;

8) кәсіби бухгалтер – кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын, кәсіби бухгалтер сертификаты бар жеке тұлға;

8-1) Кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексі (бұдан әрі – Әдеп кодексі) – кәсіби бухгалтерлердің, бухгалтерлік және кәсіби ұйымдардың кәсіптік қызметін жүзеге асыруы кезіндегі мінез-құлқының әдеп қағидаларының жинағы;

9) кәсiби бухгалтер сертификаты (бұдан әрi - сертификат) - сертификаттау жөнiндегi ұйым берген, бухгалтердiң кәсiби бiлiктiлiгiн куәландыратын құжат;

10) қаржылық есептілік депозитарийі (бұдан әрі – депозитарий) – жылдық қаржылық есептілік және ұйымдар жыл сайын беріп отыратын аудиторлық есептер, ақционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімі сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат қамтылатын, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді электрондық деректер базасы;

11) қаржылық есептiлiк стандарты - бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржылық есептiлiк жасау принциптерi мен әдiстерiн белгiлейтiн құжат;

12) қаржылық есептiлiктiң ұлттық стандарттары (бұдан әрi - ұлттық стандарттар) - қаржылық есептiлiктiң уәкiлеттi орган бекiткен стандарттары;

13) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (бұдан әрі – халықаралық стандарттар) және шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты (бұдан әрі – шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандарт) – Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары жөніндегі кеңес бекіткен қаржылық есептілік стандарттары;

13-1) негізгі ұйым – халықаралық стандарттарға сәйкес бір және одан да көп еншілес ұйымды бақылайды деп танылатын және халықаралық стандарттар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынатын ұйым;

14) уәкiлеттi орган - бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган.

Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 502-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста


В письменной форме должны совершаться сделки: 

1) осуществляемые в процессе предпринимательской деятельности, кроме сделок, исполняемых при самом их совершении, если для отдельных видов сделок иное специально не предусмотрено законодательством или не вытекает из обычаев делового оборота; 

2) на сумму свыше ста месячных расчетных показателей, за исключением сделок, исполняемых при самом их совершении; 

3) в иных случаях, предусмотренных законодательством или соглашением сторон. 


Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда. 

Никто не обязан доказывать свою невиновность. 

Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов. 

Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики. 

Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются. 


Лицо, выполнившее все условия процессуального соглашения, может быть освобождено от уголовной ответственности. 


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться