Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 14 Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.05.2026

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
14-бап. Қаржылық есептiлiк элементтерiн бағалау және есепке алу

1. Қаржылық есептiлiк элементтерiн бағалау - аталған элементтер бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiкте танылатын және тiркелетiн ақша сомаларын анықтау. Бағалауды қолдану әдiстерi мен тәртiбi халықаралық стандарттарға, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi.  

2. Қаржылық есептiлiк элементтерiн есепке алу әдiстерi және тану тәртiбi халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi. 

Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15-бап. Қаржылық есептiлiк  

1. Қаржылық есептiлiк дара кәсiпкердiң немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпаратты бiлдiредi.  

2. Мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiн қоспағанда, қаржылық есептiлiк мыналарды қамтиды:  

1) бухгалтерлiк баланс;  

2) пайда мен зияндар туралы есеп;  

3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;  

4) капиталдағы өзгерiстер туралы есеп;  

5) түсiндiрме жазба. 

Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға, шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді. 

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің көлемі, оны жасау нысандары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді. 

4. Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы және бас бухгалтері, дара кәсіпкер қол қояды. 

Бухгалтерлік есебін бухгалтерлік ұйым немесе кәсіби бухгалтер жүргізетін ұйымның қаржылық есептілігіне оның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлік ұйымның басшысы немесе кәсіби бухгалтер қол қояды. 

Бұқаралық мүдде ұйымының қаржылық есептілігіне басшылық және кәсіби бухгалтер болып табылатын бас бухгалтер қол қояды. 

Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...12 13 14 16 17 ...26

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

пункт 1 подпункт 2 Первичные бухгалтерские документы подписанные ЭЦП , через платформы различных организаций специализированных по ЭДО, как доверенность, накладная на отпуск товаров, АВР являются законно приравненные к живой печати и подписи по данной статье?


Сәлеметсіз бе. Мен бір бургерде кассир болып істедім 3 күн стажировка, 2 күн толық жұмыс істедім. Кейін денсаулығыма байланысты жұмыстан шығатынымды алдын ала ескерттім. Менеджерге жаздым, чатта переписка сақталған.

Бірақ қазір маған “өз еркіңмен кетсең жалақы берілмейді” деп отыр. Бұл ереже маған жұмысқа кірерде толық түсіндірілмеген, группаға кейін ғана қосты. Ешқандай келісімшартқа қол қойған жоқпын.

Осы жағдайда олар істеген күнімнің ақысын бермеуге құқылы ма? Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бойынша қандай құқықтарым бар?


У вас приведена не полная версия данной статьи. Вот полная версия:

​Статья 115-1 УК РК. Сталкинг

1. Сталкинг, то есть навязчивое преследование лица, совершаемое вопреки его воле, выражающееся в:

- систематическом установлении или попытках установления контакта с лицом (посредством телефонных звонков, текстовых сообщений, социальных сетей или иных средств связи);

- слежке и (или) наблюдении за лицом (в том числе по месту его жительства, работы, учебы или иного времяпрепровождения);

- ​сборе сведений о частной жизни лица без его согласия, если эти действия вызывают у потерпевшего обоснованное опасение за свою безопасность или причиняют психологические страдания,

наказывается:

- ​штрафом в размере до двухсот месячных расчетных показателей (МРП);

- либо исправительными работами в том же размере;

- либо привлечением к общественным работам на срок до двухсот часов;

- либо арестом на срок до пятидесяти суток.

2. То же деяние, совершенное:

а) группой лиц или группой лиц по предварительному сговору;

б) в отношении несовершеннолетнего;

в) в отношении лица, находящегося в беспомощном состоянии или в материальной или иной зависимости от виновного;

г) с применением информационно-коммуникационных технологий (киберсталкинг), —

наказывается:

- штрафом в размере до пятисот МРП;

- либо исправительными работами в том же размере;

- либо привлечением к общественным работам на срок до трехсот часов;

- либо арестом на срок до семидесяти пяти суток.


Жалоба должна содержать факты, даты, документы и четкую просьбу.

Просто “прошу разобраться” часто не работает.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться