Ст. 10 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V
Жол жүрiсi туралы
10-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган: 1) жол жүрісі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына мониторинг жүргізеді;
3) халықты жол жүрісі қауіпсіздігі мәселелері бойынша құқықтық сауаттандыруды және оларға ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
4) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, емтихан қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын әзірлейді;
5) жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнаулы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнаулы түсті-графикалық схемалармен боялуға жататын жедел және арнаулы қызметтер тізбесін бекітеді;
6) жол жүрісі мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады әрі жүзеге асырады;
6-1) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6-2) мемлекеттік бақылау мақсатында тәуекелдерді бағалау жүйесін және тексеру парақтарын әзірлейді;
7) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік баяндаманы енгізеді;
8) мемлекеттік органдардың жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
9) орталық және жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан олардың Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын сақтауы туралы мәліметтерді сұратады және алады;
10) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелерді ұйымдастырады;
11) жүргізуші куәліктерінің, көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекітеді;
12) Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін бекітеді;
13) масаң күйді куәландыруға жіберу, масаң күйді куәландыру және оның нәтижелерін ресімдеу қағидаларын әзірлейді;
14) мүгедектігі бар адамдарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында олардың қажеттіліктерін ескере отырып, жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келіседі;
14-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
15) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы белгіленген тәртіппен келіседі;
16) автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, қалалық электр көлігі желілерін, тұрғын үй кешендерін және жекелеген ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жаңа көлік құралдары үлгілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссияларға қатысады;
17) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құрады және пайдаланады;
18) жол жүрісін реттейді;
19) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген міндеттерді орындауы үшін оларға көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша деректерді ұсыну тәртібін және ұсынуды айқындайды;
21) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
22) біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушыға кандидаттарды, өндірістік оқыту шеберін және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберін аттестаттаудан өткізу тәртібін, кәсіптік бірлестіктердің өз қызметі туралы есептілігінің нысаны мен оны ұсыну мерзімділігін әзірлейді және бекітеді;
23) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
24) алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 83-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
24-1) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекітеді;
24-2) жол жүрісі саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
Жол жүрісі саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялауға бірыңғай ақпараттық кеңістіктегі ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жатады;
25) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 83-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Жол жүрiсi туралы 8-бап. Жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жай-күйінің көрсеткіштерін есепке алудың мемлекеттік жүйесі Жол жүрiсi туралы 12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Жол жүрiсi туралы 6-бап. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік саясат ҚР Су Кодексi 95-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану Арай КошербайРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей