Ст. 23 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V
Жол жүрiсi туралы
23-бап. Уәкілетті органның жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері
1. Уәкілетті органның жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының: 1) заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және лауазымды адамдарға жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар беруге, ал мұндай нұсқамалар бойынша қажетті шаралар қолданылмаған жағдайда, кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тартуға құқығы бар. Нұсқамаларды қолданылатын шаралар туралы ақпарат ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, өз құзыретіне сәйкес жазбаша нысанда береді;
2) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың зардаптарының алдын алу және (немесе) жою, қолайсыз жол-климат жағдайлары кезінде; көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жүруі үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде не егер көлік құралдарын пайдалану жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса; егер теміржол өтпелері оларды жол жүрісі үшін қауіпсіз жағдайда күтіп-ұстау қағидаларына сай келмесе; жолдарда жөндеу-құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде; терроризмге қарсы операциялар және (немесе) күзет іс-шараларын жүргізу кезінде жекелеген жол учаскелерінде жол жүрісін уақытша шектеуге немесе оған тыйым салуға, оның ұйымдастырылуын өзгертуге;
3) жолдарда жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұза отырып жүзеге асырылатын жөндеу-құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізуді шектеуге немесе оларға тыйым салуға;
4) көлік құралдары мен олардың тіркемелерін, тракторларды және басқа да өздігінен жүретін машиналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оның ішінде мұндай тыйым салуға негіз болған себептер жойылғанға дейін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін алып қоя отырып, сондай-ақ тізбесін уәкілетті орган бекітетін ақаулар және жағдайлар болған кезде пайдалануға тыйым салуға, ал тиісті техникалық пайдалану қағидаларында көзделген ақаулар болған кезде троллейбустар мен трамвайларды пайдалануға тыйым салуға; тораптарының және агрегаттарының нөмірлері не мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жасырын, қолдан жасалған, өзгертілген, сол сияқты көлік құралдарының таңбалануы тіркеу құжаттарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеген кезде көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға;
5) іс жүргізуде жатқан істер мен материалдар бойынша жеке тұлғаларды және лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен шақыртуға, олардан қажетті түсініктемелер, анықтамалар және құжаттар (олардың көшірмелерін) алуға;
6) шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жеке тұлғаларды медициналық ұйымға жеткізу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайларда, шет мемлекеттердің дипломатиялық, консулдық және өзге де өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға тиесілі көлік құралдарынан және арнайы мақсаттағы көлік құралдарынан басқа, жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен шығындарды өтей отырып пайдалануға;
7) жол жүрісі қағидаларының сақталуын техникалық бақылау құралдарын, жол-көлік оқиғасы орнында оның зардаптарының ауырлығын азайту мақсатында қолданылатын авариялық-құтқару жабдығын, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін арттыруға ықпал ететін өзге де техникалық құралдарды, автоматтандырылған жүйелер мен аспаптарды әзірлеу және жасау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс берушінің уәкілетті органға жүктелген функцияларын орындауға қатысуға;
8) іздестірудегі көлік құралдарын ұстауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға;
9) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулысы және (немесе) айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамасы бар адамға оларды орындағанға дейін мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға;
10) ішкі істер органы қызметкерінің өміріне немесе денсаулығына жүргізуші тарапынан қауіп-қатер (құқыққа қарсы мінез-құлық, іздеудегі адаммен ұқсастық, масаң күйде деген күдік) болмаған жағдайларда, оған көлік құралының кабинасын (салонын) тастап кетуге рұқсат беруге құқығы бар.
2. Уәкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 83-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Читать еще раз
Жол жүрiсi туралы 35-бап. Қоғамдық бірлестіктердің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуы Жол жүрiсi туралы 84-бап. "Оқытушы", "өндірістік оқыту шебері", "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілік куәлігінен айыру ҚР Экологиялық кодексi 30-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей