Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 54 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.10.2024

Жол жүрiсi туралы
54-бап. Механикалық көлік құралы меншік иесінің және жүргізушісінің құқықтары мен міндеттері

1. Механикалық көлік құралының меншік иесі уәкілетті органның лауазымды адамының талабы бойынша көрсетілген мерзімде өзінің механикалық көлік құралын жүргізу құқығын берген адамның жеке басын куәландыратын деректерді хабарлауға, сондай-ақ міндетті техникалық қарап тексеру үшін механикалық көлік құралы мен оның тіркемесін уақтылы ұсынуға міндетті. 

2. Механикалық көлік құралы жүргізушісінің: 

1) тиісті санаттағы механикалық көлік құралын басқаруға, жолдарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға; 

2) өзінің жеке меншігіндегі көлік құралын басқару және пайдалану құқығын тиісті санаттағы механикалық көлік құралын басқару құқығы бар басқа адамдарға беруге; 

3) жүргізушінің құжаттарын тексеруге құқығы бар лауазымды адамнан көлік құралын тоқтату себебіне түсіндірме алуға, бұл ретте фото- және бейнетүсірілім жүргізуге; 

4) жүргізушінің құжаттарын тексеруге немесе көлік құралын пайдалануға құқығы бар адамның тегі мен лауазымын жүргізушіге қызметтік куәлігін берместен онымен танысу арқылы анықтауға; 

5) жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, егер зардап шеккендер болмаса, болған оқиғаның мән-жайларын бағалауда жүргізушілер өзара келіскен кезде және жол-көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеу жүзеге асырылмаған кезде оқиғаның схемасын алдын ала жасап және оған қол қойып, оқиғаны ресімдеу үшін ішкі істер органдарының жақын бөлімшесіне келуге; 

5-1) жол-көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеуді жүзеге асыруға; 

6) аса қажет болған кезде, егер мән-жайларға байланысты туындаған қатердің алдын алу басқаша мүмкін болмаса, жол-көлік оқиғасының алдын алу, басқа да адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатерді болғызбау үшін бұл қажет болатын жағдайларда, Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті талаптарын орындаудан тартына тұруға құқығы бар. 

3. Механикалық көлік құралының жүргізушісі: 

1) мыналарды: 

жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты болған кезде, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігін не жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігін; 

Қазақстан Республикасында берілгенін қоспағанда, көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін не көлік құралына меншік құқығын куәландыратын құжатын; 

жол парағын, алып жүретін жүкке арналған құжатты (тауар-көлік жүкқұжатын), сондай-ақ көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркелгендерді қоспағанда, көлік құралына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттарды өзімен бірге алып жүруге және ішкі істер органдарының, көліктік бақылау органдарының және мемлекеттік кірістер органдарының оған уәкілеттілік берілген лауазымды адамдарының талабы бойынша оларға тексеру үшін беруге; 

2) ішкі істер, көліктік бақылау органдарының нысанды киім киген қызметкерінің дауыс күшейткіш құрылғысының көмегімен, ысқырып сигнал берумен бір мезгілде жүргізушіге түсінікті және орындалуы авариялық жағдай туғызбайтындай етіп дер кезінде берілуге тиіс көлік құралына бағытталған қол қимылымен немесе таяқшамен сигнал беруі арқылы көлік құралын тоқтату туралы талабы бойынша көлік құралын тоқтатуға; 

3) көлік құралының өздігінен жүріп кетуін болғызбайтын шаралар қолданбай, сондай-ақ оны ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда, оның рұқсатынсыз көлік құралын тастап кетпеуге; 

4) ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша масаң күйін куәландырудан өтуге; 

5) қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралымен жүрген кезде белдікті тағуға және белдік тақпаған жолаушыларды тасымалдамауға; 

5-1) мотоциклді басқарған кезде түймеленген мотошлем киюге және түймеленген мотошлем кимеген жолаушыларды тасымалдамауға; 

6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жағдайларда жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруден өтуге; 

7) көлік құралын: 

шығындарды өтеттіре отырып, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жол-жөнекей бағытта кетіп бара жатқан медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды медициналық ұйымдарға тасымалдау үшін, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу кезінде жүру бағытына қарамастан, медицина қызметкерлеріне, ішкі істер органдарының және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне; 

жол-көлік оқиғалары кезінде бүлінген көлік құралдарын тасымалдау, дүлей зілзала болған жерге бару үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне беруге; 

8) жол-көлік оқиғасы кезінде оған қатысы бар жүргізуші: 

жол жүрісі қағидаларының талаптарына сәйкес көлік құралын дереу тоқтатуға (орнынан қозғамауға), авариялық жарық сигнал беруін қосуға және авариялық тоқтау белгісін (жанып-сөнетін қызыл фонарь) қоюға, оқиғаға қатысы бар заттарды қозғамауға; 

зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшін ықтимал шараларды қолдануға, жедел медициналық жәрдем шақыруға, ал шұғыл жағдайларда зардап шеккендерді жол-жөнекей көлікпен жөнелтуге, ал егер бұл мүмкін болмаса, өзінің көлік құралымен жақын жердегі медициналық ұйымға жеткізуге, өзінің тегін, көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін хабарлауға (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргізуші куәлігін және көлік құралына берілген тіркеу құжатын көрсете отырып) және оқиға болған жерге қайтып келуге; 

осы баптың 2-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, болған оқиға туралы жақын жердегі ішкі істер органына дереу хабарлауға, оны көргендердің тектері мен мекенжайларын жазып алуға және ішкі істер органдары қызметкерлерінің келуін күтуге; 

егер басқа көлік құралдарының жүруі мүмкін болмаса, жолдың жүру бөлігін босатуға; 

жолдың жүру бөлігін босату қажет болған кезде оқиғаға қатысы бар көлік құралының орналасуын, іздер мен заттарды куәлардың қатысуымен алдын ала белгілеп, оларды сақтауға барлық ықтимал шараларды қолдануға және оқиға болған жерді айналып өтуді қамтамасыз етуге міндетті. 

4. Жүргізушіге: 

1) жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты өзімен бірге болған жағдайда, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігінсіз не жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігінсіз көлік құралын басқаруға; 

2) масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға; 

3) шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлік құралдарын қоспағанда, ақауы бар көлік құралын, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралын басқаруға; 

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын және (немесе) тасымалдаушының жолаушылардың алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспаған иесінің көлік құралын басқаруға; 

5) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері болмаған немесе олар тіркеу құжаттарына сәйкес келмеген жағдайларда көлік құралын басқаруға; 

6) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

7) масаң күйдегі, реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерінде болған, сырқат немесе шаршаңқы күйдегі адамдарға, сондай-ақ жүргізуге оқып-үйренушілерден басқа, жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты өзімен бірге болған жағдайда, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, өзімен бірге осы санаттағы көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі не жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігі жоқ немесе жол (маршрут) парағында көрсетілмеген адамдарға не көлік құралын басқару құқығы жоқ немесе басқару құқығынан айырылған адамдарға көлік құралын басқаруға беруге; 

8) ұйымдастырылған (оның ішінде жаяулардың да) колонналарды кесіп өтуге және олардың арасынан орын алуға; 

9) телефонды не радиостанцияны тыңдауыш немесе қатты дауысты байланысты қолдану арқылы пайдалануды қоспағанда, көлік құралын басқару кезінде оларды пайдалануға; 

10) тежегіштің жұмыс жүйесі немесе рульмен басқаруы істемейтін, ілініс құрылғысы (поезд құрамында) жарамсыз, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында жолдарда жасанды жарықтандыру болмағанда немесе көрінуі жеткіліксіз жағдайларда – шамдары және (немесе) артқы габариттік оттары жанбайтын (жоқ), жаңбыр немесе қар жауып тұрғанда алдыңғы терезе тазалағыштары жарамсыз көлік құралын басқаруға; 

11) өзінің қатысы бар жол-көлік оқиғасынан кейін не ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша көлік құралы тоқтатылғаннан кейін, уәкілетті лауазымды адам масаң күйді анықтау мақсатында куәландырудан өткізгенге дейін немесе уәкілетті лауазымды адам осындай куәландыруды жүргізуден босату туралы шешім қабылдағанға дейін алкоголь ішімдіктерін, есірткі немесе психотроптық заттарды пайдалануға; 

12) жаяу жүргіншілердің өткелдерінде және тротуарлардың немесе жол жиектерінің сызығы бойынша жол қиылыстарында; тоннельдерде; көпірлерде, жолөткелдерде, эстакадаларда және олардың астында; теміржол өтпелерінде; жолдың жүру бөлігінің көріну мүмкіндігі бір жүз метрден кем жерлерде; аялдау пункттері орналасқан жерлерде кері бұрылуға; 

13) жол қиылыстарында және кері бұрылуға тыйым салынған жерлерде артқа жүруге; 

14) төрт немесе одан да көп жолағы бар екіжақты жүру жолдарында жолдың қарсы жүруге арналған жағына шығуға; 

15) үш жолағы бар, олардың ортаңғысы екі бағытта да жүру үшін пайдаланылатын екіжақты жүру жолдарында қарсы жүруге арналған шеткі сол жақтағы жолаққа шығуға; 

16) белгіленген тәртіппен айқындалған ең жоғары жылдамдықтан асыруға; көлік құралына орнатылған "Жылдамдықты шектеу" таным белгісінде көрсетілген жылдамдықтан асыруға; 

17) басқа көлік құралдарына кедергі келтіруге; 

18) егер бұл жол-көлік оқиғасын болғызбау үшін қажет етілмесе, кілт тежеуге; 

19) жүру жылдамдығын арттырумен немесе өзге де әрекеттермен басып озып бара жатқан көлік құралының басып озуына кедергі келтіруге; 

20) мынадай: 

реттелетін жол қиылыстарында қарсы жүру жолағына шыға отырып; 

реттелмейтін жол қиылыстарында бағытын өзгертетін басты жолмен (рұқсат етілген оң жағынан басып озуды қоспағанда) және басты болып табылмайтын жолмен (шеңберлі жүрісті жол қиылыстарындағы басып озуды, қапталында тіркемесі жоқ екі дөңгелекті көлік құралдарын басып озуды және рұқсат етілген оң жағынан басып озуды қоспағанда) жүру кезінде; 

жаяу жүргіншілер өткелдерінде жаяу жүргіншілер болған кезде; 

теміржол өтпелерінде және олардың алдында бір жүз метрден жақын жерде; 

басып озып немесе айналып өтіп келе жатқан көлік құралын; 

өрге көтерілу соңында және көрінуі шектеулі басқа жол учаскелерінде қарсы жүру жолағына шыға отырып, басып озуға; 

21) мынадай: 

егер бұл трамвайлардың жүруіне кедергі келтірсе, трамвай жолдарына тікелей жақын жерде; 

теміржол өтпелерінде, тоннельдерде; 

эстакадаларда, көпірлерде, жолөткелдерде (егер осы бағытта жүру үшін жолақ үштен кем болса) және олардың астында (жолақтардың санына қарамастан); 

егер бұл көлік құралдарының жүруіне кедергі келтірсе, тоқтаған көлік құралы мен тұтас таңбалау сызығы (жолдың жүру бөлігінің шетін белгілейтіннен басқа) немесе жолдың жүру бөлігінің қарсы шеті немесе жолдың жүру бөлігінің қарсы шетінде тұрған көлік құралы арасындағы қашықтық үш метрден кем болатын жерлерде; 

жаяу жүргіншілер өткелдерінде және олардың алдындағы бес метрден жақын жерде; 

ең болмағанда бір бағытта жолдың көрінуі бір жүз метрден кем болған кезде қауіпті бұрылысқа және жолдың бойлық қимасының дөңес құлдималарына жақын жолдың жүру бөлігінде; 

қапталдағы өтпенің қарсысындағы тұтас таңбалау сызығы немесе бөлу жолағы бар үшжақты қиысу (қиылыс) жағын қоспағанда, жолдың жүру бөліктерінің қиылысында және жолдың қиылысатын жүру бөлігінің шетіне отыз метрден жақын жерде; 

аялдама алаңдарында және оларға он бес метрден жақын жерде, ал олар болмаған кезде маршруттық көлік құралдары немесе такси аялдамасының нұсқағышынан он бес метрден жақын жерде; 

көлік құралы басқа жүргізушілерден бағдаршам сигналдарын, жол белгілерін көлегейлейтін немесе басқа көлік құралдарының жүруіне (кіруіне немесе шығуына) мүмкіндік бермейтін немесе басқа көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі (кептеліс) келтіретін жерлерде; 

гүлзарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтауға; 

22) мынадай: 

тоқтауға тыйым салынған жерлерде; 

эстакадаларда, көпірлерде, жолөткелдерде; 

елді мекендерден тыс жерлерде "Басты жол" жол белгісімен белгіленген жолдың жүру бөлігінде; 

теміржол өтпелеріне елу метрден жақын жерде; 

егер тұрғындарға қолайсыздық келтіретін болса, елді мекендерде қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған механикалық көлік құралдарының; 

гүлзарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтап тұруына; 

23) бұл жол жүрісіне басқа қатысушыларға кедергі немесе қауіп келтірмейтініне көз жеткізбейінше, көлік құралының есіктерін ашуға, оларды ашық қалдыруға немесе жолдың жүру бөлігіне шығуға; 

24) егер көлік құралдарының көлденең бағытта жүруіне кедергі келтіре отырып, жүргізушіні тоқтауға мәжбүр ететін кептеліс пайда болса, жол қиылысына немесе жолдың жүру бөліктерінің қиылысына шығуға; 

25) жүргізушіге шолуды шектейтін жол-жөнекей бағытта жүріп бара жатқан көлік құралдарының алдына түсуге; 

26) егер жүргізушіні жаяу жүргінші өткелінде тоқтауға мәжбүр ететін, өзінен кейін кептеліс пайда болса, жаяу жүргінші өткеліне шығуға; 

27) мынадай: 

шлагбаум жабық тұрған немесе ол жабыла бастаған кезде (бағдаршам сигналына қарамастан); 

бағдаршамның тыйым салатын сигналы кезінде (шлагбаумның орналасуына және оның бар-жоғына қарамастан); 

өтпе кезекшісінің тыйым салатын сигналы кезінде (кезекші жүргізушіге кеудесімен немесе арқасымен тұрған, таяқша, қызыл фонарь немесе жалауша ұстаған қолын жоғары көтерген не қолдарын екі жаққа созған); 

егер өтпенің арғы жағында жүргізушіні өтпеде тоқтауға мәжбүр ететін кептеліс пайда болса; 

егер көріну шегінде өтпеге поезд (локомотив, дрезина) жақындап қалса, теміржол өтпесіне шығуға; 

28) теміржол өтпелерінен тыс жерде теміржолдардан өтуге; 

29) қарсы жүру жолағына шыға отырып, теміржол өтпесі алдында тұрған көлік құралдарын айналып өтуге; 

30) теміржол өтпесіндегі шлагбаумды өз бетімен ашуға; 

31) теміржол дистанциясы бастығының рұқсатынсыз теміржол өтпесі арқылы ауыл шаруашылығы, жол, құрылыс және басқа да машиналар мен механизмдерді көліктен тыс жағдайда өткізуге, жылдамдығы сағатына сегіз километрден кем баяу жүретін машиналардың, сондай-ақ трактор шана-сүйретпелерінің жүруіне; 

32) автомагистральдарда: 

велосипедтерді, мопедтерді, тракторларды және өздігінен жүретін машиналарды, сондай-ақ техникалық сипаттамалары немесе олардың жай-күйі бойынша жылдамдығы сағатына қырық километрден кем өзге де көлік құралдарын басқаруға; 

рұқсат етілген ең жоғары массасы үш жарым тоннадан асатын жүк автомобильдерін екінші жолақтан әрі басқаруға; 

"Тұрақ орны" немесе "Демалыс орны" жол белгілерімен белгіленген, тұраққа арналған арнайы алаңдардан тыс жерлерге тоқтауға; 

бөлу жолақтарының технологиялық айырымдарында кері бұрылуға және оған кіруге; 

артқа қарай жүруге; 

жүргізіп үйренуге; 

33) тұрғын аймақта: 

көлік құралдарының толассыз жүруіне; 

жолдың жүру бөлігінен тысқары жерде көлік құралының жүруіне; 

жүргізіп үйренуге; 

қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған электрмобильдің тоқтап тұруын қоспағанда, қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған күйде тоқтап тұруға; 

рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын жүк автомобильдерінің, автобустардың арнайы бөлінген әрі белгілермен және (немесе) таңбалармен белгіленген орындардан тыс тоқтап тұруына; 

дыбыс сигналын беруге, музыканы қатты қосуға; 

тротуарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтап тұруға; 

34) иілгіш немесе қатты тіркемемен сүйреткен кезде – сүйретілетін автобуста (троллейбуста) және сүйретілетін жүк автомобилінің шанағында жолаушылардың болуына, ал таразыға тарту немесе ішінара тиеу арқылы сүйреткен кезде сүйретілетін көлік құралының кабинасында немесе шанағында, сондай-ақ сүйретушінің шанағында жолаушылардың болуына жол беруге; 

35) мынадай: 

рульмен басқаруы істемейтін көлік құралын (аспалы түрде немесе жартылай тиеу әдісімен сүйретуге жол беріледі); 

екі және одан көп көлік құралын; 

егер нақты массасы сүйрейтін көлік құралының нақты массасының жартысынан артық болса, тежеу жүйесі істемейтін көлік құралын сүйретуге тыйым салынады. Нақты массасы аз болған кезде мұндай көлік құралын қатты тіркемемен немесе ішінара тиеу әдісімен ғана сүйретуге жол беріледі; 

қапталдағы тіркемесі жоқ мотоциклмен, сондай-ақ мұндай мотоциклді; 

көктайғақта иілгіш тіркемемен сүйретуге; 

36) жолаушыларды: 

автомобильдің (борт платформасы бар жүк автомобилінің шанағында немесе фургон шанақта жолаушыларды тасымалдау жағдайларынан басқа), трактордың, өздігінен жүретін машинаның кабинасынан тыс, жүк тіркемесінде, тіркеме-үйшікте, жүк мотоциклінің шанағында және мотоцикл конструкциясында отыру үшін көзделген орындардан тыс; 

көлік құралының техникалық сипаттамасында көзделген санынан артық тасымалдауға тыйым салынады, бұл ретте көлік құралының нақты массасы жасаушы кәсіпорын белгілеген рұқсат етілген ең жоғары масса шамасынан аспауға тиіс; 

мотоциклдің артқы орындығында масаң күйде; 

жүк автомобилінің шанағында отыру үшін жабдықталған орындардың санынан артық тасымалдауға; 

37) он екі жасқа дейінгі балаларды: 

мотоциклдің артқы орындығында; 

балаларды арнайы ұстау құрылғысы немесе баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен тағып қойылуына мүмкіндік беретін, көлік құралының конструкциясында көзделген өзге де құралдар болмаған кезде, ал механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында балаларды арнайы ұстау құрылғысы болмаған кезде тасымалдауға тыйым салынады. 

Ескертулер. 

1. Әскери көлік құралдарының жүргізушілері әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің талабы бойынша масаң күйге куәландырудан өтуге міндетті. 

2. Көлік құралын беру туралы талап тиісті иммунитеті бар шет мемлекеттер өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың көлік құралдарына қолданылмайды. 

3. Осы баптың 3-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген, көлік құралын пайдаланған адамдар жүргізушінің талабы бойынша анықтама беруге немесе жол парағына (жолдың ұзақтығын, жүріп өткен қашықтықты, өзінің тегін, лауазымын, қызметтік куәлігінің нөмірін, өз ұйымының атауын көрсете отырып) жазба жасауға тиіс. 

4. Мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлеріне көлік құралын беруге байланысты шығыстарды көлік құралы иесінің талабы бойынша өз құзыреті шегінде уәкілетті органдар белгілеген тәртіппен осы ұйымдар өтейді. 

5. Жол жүргенде көлік құралдарын пайдалануға тыйым салатын және жүргізуші анықтай алатын өзге де ақаулар мен жағдайлар туындаған кезде ол бұларды жоюға тиіс, ал егер бұл мүмкін болмаса, онда қажетті сақтық шараларын сақтай отырып, тұрақ немесе жөндеу орнына бара алады. 

Ескерту. 54-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 83-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.02.2021 № 1-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VІ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.07.2024 № 126-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...52 53 54 55 56 ...95

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый день. Не могу найти в Законе права усыновлённого ребёнка на наследство, при кровных наследниках. ?


Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста


В письменной форме должны совершаться сделки: 

1) осуществляемые в процессе предпринимательской деятельности, кроме сделок, исполняемых при самом их совершении, если для отдельных видов сделок иное специально не предусмотрено законодательством или не вытекает из обычаев делового оборота; 

2) на сумму свыше ста месячных расчетных показателей, за исключением сделок, исполняемых при самом их совершении; 

3) в иных случаях, предусмотренных законодательством или соглашением сторон. 


Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда. 

Никто не обязан доказывать свою невиновность. 

Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов. 

Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики. 

Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются. 


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться