Ст. 59 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V
Жол жүрiсi туралы
59-бап. Тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілердің немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарға қызмет көрсететін көлік құралдары жүргізушілерінің арнайы құқықтары
Ескерту. 59-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. "Мүгедектігі бар адам" деген таным белгілері бар көлік құралдарын басқаратын тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілердің:
1) тұрған көлік құралы жаяу жүргіншілердің жүруі үшін ені кемінде бір жарым метр бос жолақ қалдырып, тротуарға толығымен орналасқан жағдайда елді мекендердегі тоқтауға немесе тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта көлік құралын тоқтатуға және қоюға құқығы бар. Бұл қағида тоқтауға тыйым салатын жол таңбасымен белгіленген жол учаскелерінде қолданылмайды.
2) жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмейтін және басқа да көлік құралдарын жол жүрісі мүмкіндігінен айырмайтын жағдайда тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта, уақыты шектеулі тұрақ орындарында көзделген мерзімнен артық және тұрақ орындарының шегінен тыс аула аумағындағы жолдарда көлік құралын қоюға құқығы бар.
2. Тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарға қызмет көрсететін көлік құралдарының жүргізушілері тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарды отырғызу немесе түсіру үшін елді мекендердегі тоқтауға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта көлік құралын тоқтатады.
3. Тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілетінен толық айырылған адамды қолынан жетектеп межелі жеріне және кері алып жүретін, тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілетінен толық айырылған адамға қызмет көрсететін көлік құралының жүргізушісі осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда елді мекендерде көлік құралын тоқтатады.
Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-тарау. ЖОЛ ЖҮРІСІНЕ ҚАТЫСУҒА РҰҚСАТ БЕРУ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
если моя бабушка родился в 1967 году ему исполняется 61 год на 2028 году теперь вопрос когда она выйдет на пенсию на 2028 году или на 2029 году
Если у ребенка до 16 лет уже есть паспорт РК, должен ли паспорт родителя подтверждать его гражданство
РАГС вообще не хочет исполнять свою работу как надо. Не позволяют мне сменить фамилию из-за "отсутствия уважительной причины", хотя в законе прописано что неблагозвучность является основанием для перемены. В суд на них давно не подавали, ничего, исправим.
Пидарасы одним словом. Даже уехать спокойно не дадут. В миграционной никто не информирует, а потом начинают крепить на границе за « второе гражданство» Черти
Нет, не имеет права ставить договор “исполнен”, если оплата поставщику не произведена.
Основание: п. 9 ст. 17 Закона РК “О государственных закупках”: договор считается исполненным только при полном выполнении заказчиком и поставщиком принятых обязательств. Оплата — это обязательство заказчика
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей