Ст. 77 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V
Жол жүрiсi туралы
77-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарына қойылатын талаптар
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар құрады және өз қызметін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы хабарлама берген күннен бастайды. 2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы хабарлама жіберген кезде мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген оқу ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген және оқу-материалдық база ретінде пайдаланылатын жылжымайтын мүлкіне меншік немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;
3) оқу-материалдық база ретінде пайдаланылатын өзге де мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды;
4) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің тізімдерін (тізімде "оқытушы", "өндірістік оқыту шебері" және "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі);
5) оқытылатын тақырыптар, сабақтардың кестесі және жоспарланып отырған оқыту әдістері көрсетілетін даярлау бағдарламаларын ұсынады.
3. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымынан уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы келіп түскен хабарлама уәкілетті органның осындай ұйымдардың ішкі есебін жүргізу үшін негіз болып табылады.
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын есепке алу және оқу топтарын тіркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
4. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының басшысында "оқытушы" немесе "өндірістік оқыту шебері" не "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілік куәліктерінің болуы міндетті.
5. Оқытушының, өндірістік оқыту шеберінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберінің тиісінше "оқытушы", "өндірістік оқыту шебері" және "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілік куәліктерінің болуы міндетті және олар өз қызметін көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі бір оқу ұйымының құрамында ғана жүзеге асырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 03.10.2024 № 130-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда көлік құралын жүргізуге оқыту уәкілетті органмен келісілген маршруттар бойынша ғана жүзеге асырылады.
Жүргізуді үйренуші адам басқарып отырған оқу көлік құралымен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.
Ескерту. 77-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2019 № 249-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей