Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 8 Табиғи монополиялар туралы 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.09.2024

Табиғи монополиялар туралы
8-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкiлеттi орган: 

1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектiлерiнің қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады; 

2) табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады және оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 

3) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне табиғи монополиялар салаларының жай-күйі туралы, бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептер ұсынады; 

4) Табиғи монополиялар субъектiлерiнің мемлекеттік тіркелімін қалыптастырады және жүргізеді; 

5) тарифтерді қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

6) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

7) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді; 

7-1) инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді; 

7-2) табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін әзірлейді және бекітеді; 

7-3) қызметтер көрсету регламенттерін үлгілік регламентке сәйкестігі тұрғысынан келіседі; 

7-4) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

8) өтінімді қарауға қабылдайды не оны қабылдаудан бас тартады;  

9) өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыруды және (немесе) онлайн-трансляцияға сілтемені бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, жария тыңдаулар өткізеді;  

10) осы Заңда көзделген жағдайларда тарифті бекітеді; 

11) қуаты аз табиғи монополия субъектісінің тарифін индекстеу деңгейін айқындайды;  

12) тарифтік сметаны бекітеді және өзі бекіткен тарифтік сметаға өзгерістер енгізеді;  

13) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын өзге мемлекеттік органмен бірлесе отырып бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді; 

14) Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді;  

15) уақытша өтемдік тарифті бекітеді; 

16) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына келісім береді, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны қабылдайды; 

17) тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін әзірлейді және бекітеді; 

17-1) энергия беруші ұйымдар күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату санының орташа көрсеткішінен және күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату ұзақтығының орташа көрсеткішінен асырған жағдайда тұтынушы пайдаланған электр энергиясы үшін бұрын жүргізілген соманы қайта есептеу және (немесе) қайтару арқылы электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектілеріне автоматты түрде өтеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 

18) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін әзірлейді және бекітеді; 

19) жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiктерін жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратады және алады; 

20) табиғи монополиялар субъектісіне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама енгізеді; 

20-1) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесін келіседі; 

21) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнеді; 

22) табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептеріне талдау жүргізеді; 

23) табиғи монополиялар субъектілері мен тұтынушылардың өтініштерін қарайды; 

24) тарифті қалыптастыру бөлігінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының жобаларын, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі; 

24-1) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін сенімгерлік басқаруға беруді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен келіседі; 

24-2) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, табиғи монополиялар субъектілерімен келіседі; 

24-3) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органға, осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан берілетін мүлікті беру шартын келіседі; 

25) табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлік жергілікті атқарушы органдардан өтеусіз пайдалануға алу кезінде, оның ішінде электр желілері басқа энергия беруші ұйымдардан балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алынған жағдайда, бекітілген тарифтік сметаға тиісті жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы деңгейінен асырмай өзгеріс енгізеді; 

26) уақытша төмендету коэффициентін бекітеді;  

27) табиғи монополиялар салалары бойынша бес жылдық кезеңге тарифтің болжамды индексін айқындайды; 

28) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін төлемақы мөлшерін бекітеді; 

29) магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектерін бекітеді; 

30) тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген баға шектеріне жыл сайын түзету жасайды; 

31) табиғи монополия саласының тарифтік реттеу әдісін айқындайды; 

32) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді; 

33) тарифтері тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданыла отырып бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін бекітеді; 

34) табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп айына бір реттен сиретпей тұтынушыларды қабылдауды жүргізеді; 

35) жергілікті атқарушы органдарға есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларына келісім береді; 

35-1) жергілікті атқарушы органдарға, осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын келіседі; 

36) құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау және беру жағдайларын қоспағанда, табиғи монополия субъектісіне осы Заңның 15-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату үшін төлемақы алу мөлшеріне келісім береді; 

37) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...36

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.

Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192



Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?


здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.


Добрый день!

Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться