Ст. 10 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V
Дене шынықтыру және спорт туралы
10-бап. Дене шынықтыру мен спорт субъектілері
1. Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру мен спорт субъектiлерiне: ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) дене шынықтыру-спорт ұйымдары: олимпиадалық даярлау орталықтары, олимпиада резервін даярлау орталықтары, спорт федерациялары, спорт мектептері мен спорт клубтарының барлық түрлері, спорт секциялары, әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстарды ұйымдастыратын ұйымдар, ведомстволық спорт қоғамдары және спортты дамытуды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер;
2) дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымдары;
3) дене шынықтыру және спорт саласындағы зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар;
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар;
5) спорттық медицина ұйымдары;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) дене шынықтырумен айналысатын жеке адамдар, спортшылар, ұжымдар (спорт командалары), спорт төрешілері, жаттықтырушылар және дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мамандар жатады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақты 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Дене шынықтыру-спорт ұйымдары халықтың әртүрлі топтары арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады, спортшылардың және спорттық жарыстарға және оқу-жаттығу іс-шараларына қатысатын басқа да адамдардың денсаулығын қорғау және нығайту үшін жағдайлар жасайды, спортшыларға, жаттықтырушыларға және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға жаттығу жасау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
3. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру-спорт ұйымдары халықаралық спорт ұйымдарына мүше бола алады, егер мұндай құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, халықаралық спорт ұйымдарының мүшелері мәртебесіне сәйкес құқықтарға ие бола алады және міндеттер атқара алады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
10-бапты 4-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
11-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда
И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо
Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка
Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены
Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей