Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 44-2 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2025

Дене шынықтыру және спорт туралы
44-2-бап. Допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін шаралар

1. Допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін:  

1) спортшыны, жаттықтырушыны, жаттықтырушы-оқытушыны, спорттық медицина жөніндегі маманды, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманды дисквалификациялау көзделеді. 

Спортшыны, жаттықтырушыны, жаттықтырушы-оқытушыны, спорттық медицина жөніндегі маманды, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманды дисквалификациялау Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады; 

2) спортшының спорттық нәтижесін жою және біліктілік ұпайларын немесе балдарын алу; 

3) жаттықтырушының, жаттықтырушы-оқытушының, спорттық медицина жөніндегі маманның, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманның жауаптылығы; 

4) спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы ақшалай қамтылымды төлеуді тоқтату; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5) спортшыларды, жаттықтырушыларды, жаттықтырушы-оқытушыларды спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың спорт түрлері бойынша құрама командаларының құрамынан шығару көзделеді. 

2. Допинг пайдаланған немесе пайдалануға әрекеттенген жағдайда спорттық нәтиже жойылғаны үшін: 

1) спорттық атақтан, разрядтан, біліктілік санатынан айыру; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) ақшалай көтермелеуді алған кезде жеке және (немесе) бас жаттықтырушы болмаған бірінші жаттықтырушыларды қоспағанда, спортшылардың және олардың жеке жаттықтырушыларының, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының) бас жаттықтырушыларының ақшалай көтермелеуді қайтаруы; 

3) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойғы ай сайынғы материалдық қамтамасыз етуді төлеуді тоқтату; 

4) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионымен немесе жүлдегерімен тұрғынжайды пайдалану шартын бұзу көзделеді. 

Ескерту. 8-тарау 44-2-баппен толықтырылды - 13.12.2019 № 280-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

9-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР ЖҮЙЕСІ


ЗҚАИ-ның ескертпесі!

45-баптың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...44 44‑1 44‑2 45 46 ...59

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда


И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо


Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка


Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены


Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться