Ст. 50-1 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V
Дене шынықтыру және спорт туралы
50-1-бап. Бірыңғай оператор
1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, корпоративтік қор нысанындағы коммерциялық емес ұйым бірыңғай оператор деп танылады. 2. Бірыңғай оператор қайырымдылық көмекті:
1) дене шынықтырумен айналысатын жеке тұлғаларды, спортшыларды, ұжымдарды (спорт командаларын) әлеуметтік қолдау түрінде;
2) демеушілік көмек түрінде;
3) дене шынықтыру-спорт ұйымдарына, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына, дене шынықтыру және спорт саласында зерттеуді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарға, спорттық медицина ұйымдарына олардың жарғылық қызметін қолдау мақсатында бөледі.
3. Бірыңғай оператордың қайырымдылық көмек көрсетудегі негізгі басымдықтары:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) олимпиадалық емес, олимпиадалық, паралимпиадалық емес, паралимпиадалық, сурдлимпиалық, арнайы олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту;
3) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының өзіндік ерекшелігін ескере отырып, дене шынықтыруды, барлық спорт түрін дамытуға жәрдемдесу;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) әлеуметтік салада көмек көрсету;
5) бірыңғай оператордың қызметіне байланысты ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар;
6) дене шынықтыру және спорт саласындағы имидждік жобаларды іске асыру болып табылады.
4. Мыналар:
1) өтініш берушіні заңды тұлға ретінде тіркеу;
2) салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің болмауы;
3) демеушілік және (немесе) қайырымдылық көмек көрсету шеңберінде бөлінген қаражатты бөлуді қоса алғанда, кемінде сегіз жыл дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған қаражатты бөлу тәжірибесінің болуы;
4) бірыңғай операторды айқындау кезінде заңды тұлға банкроттық не таратылу рәсіміне жатпауға тиіс, қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтатыла тұрмауға тиіс;
5) Қазақстан Республикасының резиденттігі бірыңғай операторды айқындау өлшемшарттары болып табылады.
5. Мыналар:
1) құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түскен түсімдер;
2) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
3) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (кірістер, сыйақы (мүдде);
4) Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған басқа да түсімдер бірыңғай оператордың мүлкін қалыптастыру көздері болып табылады.
6. Бірыңғай оператор дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын:
1) пайдаланушыларға қайырымдылық көмекті бөлу бойынша қайырымдылық жасаушының ерік-қалауын сақтау;
2) қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі;
3) қайырымдылық көмек шеңберінде бөлінген қаражаттың нысаналы жұмсалуын қамтамасыз ету;
4) қайырымдылық көмектің оң әсер етуі қағидаттары негізінде бөледі.
7. Қайырымдылық көмекті алушылар бірыңғай операторға бюджеттен тыс ақша қаражатын нысаналы пайдалану туралы есептілікті тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық негізде ұсынады, оны бірыңғай оператордың жоғары басқару органы немесе алқалы органы бекітеді.
8. Бірыңғай оператор қайырымдылық жасаушы бекітетін алушылар ұсынған есептілік негізінде қайырымдылық көмекті пайдалану жөніндегі ақпаратты қайырымдылық жасаушы белгілеген мерзімдерде оған ұсынады.
Ескерту. 10-тарау 50-1-баппен толықтырылды - 13.12.2019 № 280-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда
И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо
Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка
Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены
Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей