Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Ұлттық әл-ауқат қоры туралы 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Ұлттық әл-ауқат қоры туралы
7-бап. Қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері

1. Қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. 

2. Қордың жалғыз акционерінің айрықша құзыретіне мынадай: 

1) Қордың жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту; 

2) Қордың жылдық қаржылық есептілігін бекіту; 

3) Қордың даму жоспарын бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу; 

4) Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату; 

5) Қордың жария етілген акцияларының санын көбейту немесе Қордың орналастырылмаған жария етілген акцияларының түрін өзгерту туралы шешім қабылдау; 

6) Қордың директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату; 

6-1) Қордың тәуелсіз директорларына сыйақылар мөлшері мен төлеу шарттарын айқындау; 

7) Қордың жалғыз акционері айқындаған тізбе бойынша компаниялардың акцияларын (қатысу үлестерін) иеліктен шығару, сондай-ақ көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) сенімгерлік басқаруға беру; 

8) Қордың жалғыз акционері айқындаған тізбе бойынша компанияларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдау; 

9) Қор басқармасының төрағасын тағайындау және қызметінен мерзімінен бұрын босату; 

10) Қордың есепті қаржы жылындағы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және Қордың бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін бекіту; 

11) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайлар орын ала бастаған кезде жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау; 

12) Қордың дивидендтік саясатын айқындау; 

13) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 19) тармақшасына сәйкес қабылданған Қордың директорлар кеңесінің шешімін бекіту; 

14) банктердің акцияларын иемдену және иеліктен шығару, сондай-ақ көрсетілген акцияларды сенімгерлік басқаруға беру; 

15) корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды бекіту мәселелері; 

15-1) Қордың директорлар кеңесінің қызметі туралы есепті қарау; 

15-2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікте қаржыландыру сомасын көрсете отырып, Қордың жобаларды қаржыландыруы туралы шешімдер қабылдау; 

15-3) Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту; 

16) осы Заңға және (немесе) Қордың жарғысына сәйкес өзге де мәселелер жатады. 

3. Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша, Қор жалғыз акционері (қатысушы) болып табылмайтын компанияларға қатысты шешімдерді компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында Қордың уәкілетті өкілдерінің кейіннен дауыс беруі мақсатында акционер (қатысушы) ретінде Қордың ұстанымын айқындау үшін Қордың жалғыз акционері қабылдайды. 

3-1. Алып тасталды – ҚР 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және (немесе) Қордың жарғысымен жалғыз акционердің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді Қазақстан Республикасының Үкіметі жеке қаулы түрінде қабылдайды. 

Қордың жалғыз акционерінің шешімдер қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2021 № 406-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...6 6‑1 7 8 9 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться