Ст. 10 Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339
Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы
10-бап. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, өндіруді, жөндеуді, сатуды, коллекциялауды, иеленуді және экспонаттауды лицензиялау
Ескерту. 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 1. Қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, иелену және экспонаттау лицензиялануға жатады.
2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, экспонаттауға арналған лицензияны ішкі істер органдары береді.
3. Қару мен оның патрондарын жасауға, өндіруге, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, экспонаттауға берілген лицензиялар мерзімі шектелмей берілетін бас лицензиялар болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Лицензиялар бірыңғай технологиялық кешенді ескере отырып, бірнеше қызмет түрлеріне де, сол сияқты жекелеген қызмет түрлеріне де беріледі.
4. Лицензия Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында тізбесі айқындалған құжаттар негізінде беріледі.
5. Лицензия беруден бас тарту негіздері:
1) өтініш берушінің қажетті мәліметтерді бермеуі не оның теріс мәліметтер беруі;
2) қару өндірудің қауіпсіздігі жағдайларын, қаруды есепке алу мен оның сақталуын қамтамасыз етудің мүмкін еместігі не осы жағдайлардың қамтамасыз етілмеуі;
3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген басқа да негіздер болып табылады.
Лицензия беруден бас тартқан жағдайда, көрсетілген органдар өтініш берушіге бас тарту себептерін түсіндіре отырып, бұл туралы жазбаша хабарлауға міндетті. Өтініш беруші лицензия беруден бас тартуға не өтінішті қарау мерзімдерінің бұзылуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
Об Ассамблее народа Казахстана Статья 6. Основные направления деятельности Ассамблеи Мемлекеттiк құпиялар туралы 17-бап. Құпияландыруға жатпайтын мәліметтер ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 811-бап. Ескерту Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы 14-бап. ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1090-бап. Жария тәртiп туралы ескертуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей