Ст. 19 Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339
Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы
19-бап. Рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату, сондай-ақ оларды беруден бас тарту
1. Ішкі істер органдары, егер адамның: 1) тұрақты тұрғылықты жері болмаған;
2) қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлары болмаса;
3) сот орындаушысының енгізген ұсынуы бойынша үйден шығару және бұзу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бірінші және екінші санаттардағы рұқсаттарды тоқтата тұрады.
Адам қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда рұқсаттың қолданысы сот шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады.
Осы Заңда көзделген негіздер бойынша рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданар алдында рұқсатты берген ішкі істер органы рұқсат иесіне алдын ала жазбаша ескертуге тиіс. Ескертуде нақты қандай құқықтық нормалар мен қағидалардың бұзылғаны немесе орындалмағаны көрсетіледі және жол берілген бұзушылықтарды жою үшін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзім тағайындалады.
2. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде рұқсат иесі рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ішкі істер органына растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш беруге құқылы.
Рұқсаттың қолданысын қайта бастау және тоқтатылуына бастамашылық жасау "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.
3. Рұқсат иесі рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ұсынбаған жағдайда, ішкі істер органы рұқсаттың қолданысын тоқтату рәсіміне бастамашылық жасайды.
Рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы мәселені қарау процесінде рұқсат иесі бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдеуге құқылы. Мұндай жағдайда, рұқсат беру органы осы баптың 2-тармағын басшылыққа алуға тиіс.
4. Ішкі істер органдары алдын ала тоқтата тұрмай азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы рұқсаттардың қолданысын тоқтатуды:
1) рұқсаттан ерікті түрде бас тартылған не қару иесі қайтыс болған;
2) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы болған;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлiмi бабының тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiнің мерзiмі өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
4) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;
5) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 440-1, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, рұқсаттар алу мүмкіндігін болғызбайтын мән-жайлар туындаған;
7) азаматтық немесе қызметтік қару иесі көрсетілген қарудың конструкциясын қайта жасап, бұл оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соққан;
8) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың айналымы саласындағы техникалық регламентке және криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеген;
8-1) азаматтық және қызметтік қарудың иесін және (немесе) пайдаланушысын азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырылмаған;
9) егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарында есепте тұрған;
10) тіркелген қаруды қайтадан жоғалтқан;
11) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
12) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған;
13) егер қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда жүргізеді. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мен қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл, оның ішінде қару иелері туралы, ресімделген медициналық қорытындылар, сондай-ақ болған кезінде қаруды иеленуге болмайтын қару иесінде анықталған аурулар туралы мәліметтер алмасу мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
Ішкі істер органының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Рұқсаттың қолданысы тоқтатылған жағдайда қолданыс тоқтатылған күннен бастап үш жыл өткен соң оны алу үшін қайталап өтініш жасауға болады. Рұқсаттан ерікті түрде бас тартылған жағдайда оны алуға қайталап өтініш жасау мерзімдері белгіленбейді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.01.2025 № 150-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Ішкі істер органдары осы баптың 1 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда, сол сияқты қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін алып тасталған немесе өтелген сотталғандығы бар адамдарға азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы рұқсаттар беруден бас тартады.
6. Осы баптың талаптары марапаттық қаруға қолданылады.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2025 № 150-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей