Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15-7 Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы
15-7-бап. Қашықтықтан қадағалау

1. Қашықтықтан қадағалау бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының бірі болып табылады және оны уәкілетті орган өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарына, олардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломератына және сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға (бұдан әрі – қашықтықтан қадағалау субъектілері) қатысты жүзеге асырады. 

2. Қашықтықтан қадағалауды уәкілетті орган қашықтықтан қадағалау субъектілерінің қызметін талдау және қашықтықтан қадағалау субъектілерінің органдарымен өзара іс-қимыл жасау арқылы тұрақты негізде: 

1) Қазақстан Республикасының банк заңнамасы, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, әлеуметтік қорғау, бағалы қағаздар рыногы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, пошта, Қазақстан Даму Банкі, инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау және қадағалау; 

2) қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау, орын алған және ықтимал тәуекелдерді, олардың қашықтықтан қадағалау субъектілерінің орнықты қызметіне ықпал ету дәрежесін анықтау және бағалау мақсатында жүзеге асырады. 

3. Қашықтықтан қадағалау субъектілерінің қызметін талдауды уәкілетті орган қашықтықтан қадағалау субъектілері ұсынатын есептілік және басқа да ақпарат, оның ішінде ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастық шеңберінде алынған ақпарат негізінде жүзеге асырады. 

4. Қашықтықтан қадағалауды жүргізу шеңберінде уәкілетті орган қашықтықтан қадағалау субъектілерінен және олардың лауазымды адамдарынан мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қашықтықтан қадағалау субъектілерінің қаржылық есептілігі мен органдары отырыстарының (сырттай өткізілгендерді қоса алғанда) материалдарын жазбаша нысанда сұратуға құқылы. 

Қашықтықтан қадағалау субъектілері уәкілетті органның сұрау салуында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде ұсынуға міндетті. 

Ескерту. 15-7-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...15‑5 15‑6 15‑7 15‑8 15‑9 ...17

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?



608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться