Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 10 Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
10-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң экспорты және импорты

1. Қазақстан Республикасының аумағына этил спиртінің, толысылған шарап пен дистилляттың импорты алкоголь өнімін өндіруге лицензия және сыртқы сауда шарты (келісімшарт), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімінің (толысылған шараптан және дистилляттардан басқа) импорты алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия және сыртқы сауда шарты (келісімшарт), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады. 

1-1. Алкоголь өнімінің импортына техникалық регламентте көрсетілген түрлер және сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес олардың атаулары бойынша жол беріледі. 

Қазақстан Республикасына әкелінетін этил спирті мен алкоголь өнімінің қауіпсіздігі техникалық регламенттерге сәйкес келуге тиіс. 

1-2. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) этил спирті мен алкоголь өнімінің импорты мен экспортын Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары ғана жүзеге асыруға құқылы.  

2. Этил спиртiнің экспортына этил спиртін өндiруге арналған лицензия болған кезде ғана жол берiледi.  

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті немесе алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы алкоголь өнімінің экспортына құқық береді.  

3. Еркін қоймаларда этил спиртiн, толысылған шарапты және дистиллятты өндіруге және қайта өңдеуге, сондай-ақ алкоголь өнiмiн өндiруге тыйым салынады. 

4. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң экспорты мен импорты бойынша уақытша тыйым салулар белгiлеуi мүмкiн.  

5. Айналымына осы Заңның 9-бабының 2-тармағында тыйым салынған алкоголь өнімін, сондай-ақ өткізілуіне осы Заңның 9-бабының 1-тармағында тыйым салынған этил спирті мен алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасына импорттауға тыйым салынады. 

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10 N 534, 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...21

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться