Ст. 11 Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429
Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
11-бап. Этил спиртiн сақтау және өткiзу қағидалары
1. Этил спиртiн уәкілетті орған бекітетін қағидаларға сәйкес: 1) тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай-ақ өз қызметін бастағаны туралы хабардар еткен, белгіленген тәртіппен бөлінген квота шегiнде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына;
2) дайындалуына этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге;
3) этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольсіз өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға өткізуге жол беріледі.
1-1. Тәркіленген этил спиртін этил спирті мен алкоголь өнімін өндірушілерге ғана өткізуге жол беріледі.
2. Этил спиртiн өндiруге лицензиясы болған жағдайда ғана өндірушінің қоймалық үй-жайларында этил спиртін сақтау және өткiзу жүзеге асырылады.
3. Қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар дәрiханаларда этил спиртiн өткiзуді қоспағанда, этил спиртін бөлшек саудада өткізуге жол берілмейді.
4. Этил спиртiн сақтау уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
12-бап. Алкоголь өнiмiн сақтау және өткiзу
1. Өндіруші:
1) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі;
2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға алкоголь өнімін көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
1-1. Өндіруші алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізуді фирмалық мамандандырылған дүкендер арқылы жүзеге асыруға құқылы.
2. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар адамдар алкоголь өнімін тек қана осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға өткізуге құқылы.
3. алып тасталды
4. Екi немесе одан да көп лицензиаттың алкоголь өнiмдерiн бiр қойма үй-жайында сақтау және көтерме саудамен өткiзу жөнiндегi қызметiне тыйым салынады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 10.03.2004 N 534, 2006.12.11. N 201 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей