Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 52 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 15.09.2024

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
52-бап. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы

1. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс. 

2. Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге тиіс. 

3. Егер мемлекеттік қызметшіде дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға және (немесе) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу ақпарат беруге тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабар беруге міндетті. 

Осы тармақта көзделген міндетті орындаған жағдайда мемлекет мемлекеттік қызметшіге "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қорғау шараларына кепілдік береді. 

Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштерді жолдау арқылы шаралар қабылдауға міндетті. 

4. Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшінің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасайтын қудалаудан қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті. 

5. Мемлекеттік қызметшілер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс. 

6. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негізсіз айып тағылған кезде ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс. 

Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ, ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ
ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРІ

Статья 1 ...50 51 52 53 54 ...69

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста


В письменной форме должны совершаться сделки: 

1) осуществляемые в процессе предпринимательской деятельности, кроме сделок, исполняемых при самом их совершении, если для отдельных видов сделок иное специально не предусмотрено законодательством или не вытекает из обычаев делового оборота; 

2) на сумму свыше ста месячных расчетных показателей, за исключением сделок, исполняемых при самом их совершении; 

3) в иных случаях, предусмотренных законодательством или соглашением сторон. 


Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда. 

Никто не обязан доказывать свою невиновность. 

Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов. 

Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики. 

Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются. 


Лицо, выполнившее все условия процессуального соглашения, может быть освобождено от уголовной ответственности. 


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться