Ст. 64-1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
64-1-бап. Келісімшарттық қызметшілер
1. Келісімшарттық қызметшілер түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұлттық және өзге де жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік органдарға тартылуы мүмкін. 2. Келісімшарттық қызметшілер мемлекеттік лауазымды атқара алмайды.
3. Келісімшарттық қызметшілерді тарту тәртібін, келісімшарттық қызметшілер тартылатын жобалардың түрлерін, еңбекке ақы төлеу шарттары мәселелерін және олардың қызметін реттеудің өзге де мәселелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Келісімшарттық қызметшіні тарту келісімшарт жасасу және ұлттық және өзге де жобаларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органның лауазымды адамының ұсынуы бойынша жұмыс берушінің актісін шығару арқылы жүзеге асырылады.
Келісімшарттық қызметші ретінде тартылатын азаматтар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс. Келісімшарттық қызметшінің біліктілік талаптарын және оның мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл алгоритмін уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық және өзге де жобаларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органның лауазымды адамы бекітеді.
Келісімшарттың мерзімі қойылған міндеттерді орындау кезеңіне, бірақ ұлттық және өзге де жобаларды іске асыру кезеңі ішінде ұзарту мүмкіндігімен күнтізбелік бір жылдан аспайтын мерзімге белгіленеді.
5. Келісімшарттық қызметшінің:
1) басшыдан келісімшартқа сәйкес міндеттер мен функционалдық міндеттердің көлемін дәл анықтауды талап етуге;
2) өзінің функционалдық міндеттерін орындауға қажетті ақпарат пен материалдарды алуға;
3) келісімшарт талаптарына сәйкес еңбекке ақы төлеуді уақтылы және толық көлемде алуға құқығы бар.
6. Келісімшарттық қызметші:
1) келісімшарт талаптарын сақтауға;
2) еңбек міндеттерін орындауға және еңбек тәртібін сақтауға міндетті. Тараптардың келісімі бойынша икемді жұмыс уақыты режимі, қашықтан жұмыс істеу режимі және келісімшарттық қызметті өзге қызметпен қоса атқару қолданылуы мүмкін;
3) жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға;
4) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауға;
5) мүдделер қақтығысына жол бермеу, оны болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдауға;
6) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның ішінде келісімшарт бұзылғаннан кейін заңда белгіленген уақыт ішінде сақтауға міндетті, бұл жөнінде жария етпеу туралы тиісті міндеттемеге қол қояды.
7. Келісімшарттық қызметші:
1) материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;
2) қызмет бабын келісімшарттық қызметшінің қызметін жүзеге асыруға байланысты емес мақсаттарда пайдалануға құқылы емес.
8. Келісімшарттық қызметші ретінде:
1) он сегіз жастан кіші;
2) сот әрекетке қабілетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған;
3) бiлiктiлiк талаптарында келісімшарттық қызметші үшін денсаулық жағдайына арнаулы талаптар белгiленген жағдайларда, медициналық мекеменiң қорытындысы негізінде функционалдық міндеттерді орындауға кедергi келтiретiн ауруы бар;
4) мемлекеттік қызметші ретінде активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін үш жыл iшiнде әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған;
4-1) келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін екі жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметтен шығарылған, сондай-ақ келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi немесе қызметтік әдепті сақтамағаны үшін қызметтен шығарылған;
5) сот келісімшарттық қызметші тартылатын қызмет түрімен айналысу құқығынан айырған;
6) сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдарды атқару құқығынан айырған;
7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
8) келісімшарттық қызметші ретінде тартылу кезінде заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;
9) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
10) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
11) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
12) келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
12-1) келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін бес жыл ішінде онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін бес жыл ішінде онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
12-2) келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін сегіз жыл ішінде ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін сегіз жыл ішінде ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған азамат жұмысқа тартылмайды. Бұл ретте жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауiпсiздiгiне, меншікке, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығы мен адамгершілікке, мемлекеттік қызмет мүдделеріне және мемлекеттік басқаруға, басқару тәртібіне, сот төрелігіне және жазаларды орындау тәртібіне, конституциялық іс жүргізуге қарсы ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар немесе болған немесе қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған азаматты келісімшарттық қызметші ретінде тартуға болмайды;
13) келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартылғанға дейін екі жыл ішінде құқық қорғау қызметінен, әскери қызметтен және арнаулы мемлекеттік органдардан теріс себептермен шығарылған, сондай-ақ теріс себептермен судья өкілеттігін тоқтатқан азамат жұмысқа тартылмайды.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің күші:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмеуі туралы шешімінің негізінде судья өкілеттігін тоқтатқан;
қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмауына байланысты қызметтен шығарылған адамға қолданылмайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
13) тармақшаның үшінші бөлігі 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII Заңымен (мәтін алып тасталды).
14) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тартылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайлардың кез келгенінің болуы азаматты келісімшарттық қызметші ретінде жұмысқа тартудан бас тартуға негіз болып табылады.
9. Мүдделер қақтығысын болғызбау үшін жобаларды іске асыруға тартылған мемлекеттік қызметшілердің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаты болып табылатын азамат келісімшарттық қызметші ретінде қабылданбайды.
Мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу, сондай-ақ оған жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау туралы міндеттемелер келісімшартта жазылады.
Келісімшарттық қызметшіге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы беріледі.
10. Келісімшарттық қызметшілердің мемлекеттік құпиялармен жұмысты көздейтін қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
11. Келісімшарттық қызметшінің жұмыс графигі және өзге де жеке еңбек жағдайлары тараптардың келісімі бойынша келісімшартта белгіленеді.
Келісімшарттық қызметшінің еңбегіне ақы төлеу шарттары тараптардың келісімі бойынша орындалған жұмыс көлемінің (қойылған міндеттердің) уақыттық (міндеттерді, жобаларды іске асыру кезеңдері), сандық және (немесе) сапалық параметрлері көрсетіле отырып, келісімшартта белгіленеді.
Келісімшарттық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу мемлекеттік органды ұстауға не ұлттық және өзге де жобаларды іске асыруға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.
12. Келісімшарт тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін, келісімшартты бұзудың, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізудің өзге де шарттары келісімшартта жазылады.
Келісімшарттық қызметші мен мемлекеттік орган арасындағы даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Ескерту. Заң 64-1-баппен толықтырылды – ҚР 20.03.2023 № 214-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Племянник угнал машину. Прав не имеет. Я на ней езжу по страховке. Собственник другой человек. Племяннику штраф выписали. Но так же выписали за передачу руля. Кому он придёт? Тому, кто в техпаспорте или тому, кто в страховке? Как избежать такого штрафа, если машину взяли без моего ведома?
2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей