Ст. 26-1 Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 72
Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы
26-1-бап. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдардың құқықтары мен міндеттері
1. Қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын органдардың: 1) мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты күш қолданудың немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекеттің жасалу қатері туралы өтініштер немесе деректер бойынша қажетті мәліметтерді мемлекеттік органдардан, жеке тұлғалардан және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардан сұратуға және олардан алуға;
2) іс жүргізу іс-әрекеттерін жүргізуге немесе қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдарға қажетті тапсырмалар беруге құқығы бар.
2. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдардың:
1) қорғалатын адамға қатысты қажетті жеке қауіпсіздік шараларын таңдап алуға, оларды қолдану тәсілдері мен мерзімдерін айқындауға, қолданылатын жеке қауіпсіздік шараларын қажет болған кезде өзгертуге және толықтыруға;
2) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылданған қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға сұрау салуға және олардан қажетті мәліметтерді алуға;
3) қорғалатын адамнан қауіпсіздік шараларын қолдану шарттарын сақтауды, аталған шараларды қолдануға байланысты заңды өкімдерді орындауды талап етуге;
4) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын органдарға қауіпсіздік шараларын қолдану не оларды тоқтату туралы ұсыныспен өтініш беруге;
5) заңда белгіленген тәртіппен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге;
6) осы Заңда көзделген жағдайларда қорғалатын адамдардың жеке қауіпсіздігі шараларының күшін жоюға құқығы бар.
3. Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдар:
1) қауіпсіздік шараларын қолдануды қажет ететін, өздеріне белгілі болған әрбір оқиғаға жедел ден қоюға;
2) қорғалатын адамға қатысты барлық қажетті қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруға;
3) қорғалатын адамдарды қауіпсіздігіне төнген қатер туралы, оларға қатысты осы Заңда көзделген қауіпсіздік шараларын қолдану туралы, өзгерту немесе қолдануды тоқтату туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты шешімдер қабылдау туралы уақтылы хабардар етуге;
4) қауіпсіздік шараларын қолдану (қолданудан бас тарту) туралы қаулымен таныстырған кезде қорғалатын адамға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге міндетті.
Ескерту. 26-1-баппен толықтырылды – ҚР 07.04.2009 № 149-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей