Ст. 26 Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 72
Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы
26-бап. Қорғалатын адамдардың мiндеттерi
Қорғалатын адамдар: 1) өздерiне қатысты қауіпсіздік шараларын қолдану шарттарын және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органның заңды талаптарын орындауға;
2) өздерiне қатысты қатер төнген әрбір жағдай немесе құқыққа қарсы әрекеттердiң фактілері туралы қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін органға дереу хабар беруге;
3) қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн өздерiне берiлген мүлiктi күтіп-ұстауға, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға берілген мүлікті сатқан, басқа адамға берген немесе қасақана бүлдірген жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болуға;
4) өздерiне қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария етпеуге;
5) қажет болған кезде жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс құралдарын, техникалық құралдарды және қаруды пайдалануды оқып-үйренуге мiндеттi.
Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей