Ст. 15 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
15-бап. Ішкі аудит қызметінің құзыреті
Ішкі аудит қызметі:
1) орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісілген, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін, құрамына осы ішкі аудит қызметі кіретін мемлекеттік органның қаржылық есептілігінің аудитіне қатысады;
2) мыналарға:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері үшін – жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша тиімділік аудитін жүргізеді;
3) мыналарға:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері үшін – жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі процестердің (бизнес-процестердің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;
4) бюджет шығыстарымен өзара байланыста мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін талдайды;
4-1) республикалық және коммуналдық активтер мен мүліктің сақталуына тексеру жүргізеді;
5) мыналарға:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері үшін – жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізеді;
6) мемлекеттік сатып алуды жүргізу және шарттар талаптарының орындалу рәсіміне, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімі, көлемі, бағасы, саны және сапасы бойынша сәйкестік аудитін жүргізеді;
7) тиісті мемлекеттік органдағы тауар-материалдық запастардың және өзге де активтердің сақталуын тексеруді жүзеге асырады;
8) ішкі мемлекеттік аудит жүргізумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларға жол бермеу жөніндегі, анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік органның қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдармен бірге ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есепті мемлекеттік органның басшысына енгізеді;
10) жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға тоқсан сайын жібереді;
11) орталық мемлекеттік органның басшысы немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі үшін жылдық жұмыс жоспарларының орындалу мониторингін жүзеге асырады;
12) орталық мемлекеттік органның басшысы немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның алдында атқарылған жұмыс туралы жыл сайын есеп береді.
13) мыналарға:
орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері үшін – жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағынысты аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында ақпараттық жүйелердің деректерін талдауды жүзеге асырады.
Егер тиісті объектілер Жоғары аудиторлық палатаның, тексеру комиссияларының және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізілмесе, ішкі аудит қызметтері орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізеді.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.01.2018 № 135-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Читать еще раз
Конституциялық Кеңесi туралы 36-бап. Конституциялық Кеңестiң шешiмiн қайта қарау Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 24-бап. Сапа бақылауы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы 15-бап. Құжаттама мен мәмілелерді жүргізу тілдері Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 10-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесі Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 27-бап. Алдын ала бағалауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей