Ст. 26 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
26-бап. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының сараптамалық-талдау қызметі
1. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының сараптамалық-талдау қызметі сараптамалық-талдау іс-шараларын, сондай-ақ бюджетті алдын ала, ағымдағы және кейіннен бағалауларды жүргізу түрінде жүзеге асырылады. 2. Жоғары аудиторлық палата республикалық бюджетке қатысты, сондай-ақ республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асырады, жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы ақпаратты жинақтап қорытады.
3. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте құрылған ревизиялық комиссиялар аумақтарында өздері жұмыс істейтін облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне, сондай-ақ аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке қатысты сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асырады.
4. Сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу үшін Жоғары аудиторлық палата бюджеттен бөлінген қаражат шегінде зерттеулер жүргізу үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.
5. Жоғары аудиторлық палата, ревизиялық комиссиялар тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген, бюджетті жоспарлау мен атқарудың, бюджет қаражатын, мемлекеттің (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін қоспағанда) және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдаланудың, Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асырудың тиімділігін талдау, бағалау, сондай-ақ олардың экономиканың (немесе экономиканың жекелеген саласының), әлеуметтік саланың дамуына әсерін зерттеу нысанында сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізеді. Сараптамалық-талдау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Жоғары аудиторлық палата бекіткен, сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалады.
Жоғары аудиторлық палата, ревизиялық комиссиялар мемлекеттік аудит объектісін сараптамалық-талдау іс-шарасының жүргізілетіні туралы хабардар етеді және шешімі ұсынымдық сипатта болатын оның нәтижелерін мемлекеттік аудит объектісімен талқылайды.
Бұл тәртіп бюджетті ағымдағы және кейіннен бағалауларға қолданылмайды.
Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Читать еще раз
Указ Президента Республики Казахстан 973 05.12.2014 О создании Попечительского совета инновационного кластера Парк инновационных технологий Указ Президента Республики Казахстан 982 19.12.2014 О подписании Протокола о взаимодействии государств-членов Организации Договора о коллективной безопасности по противодействию преступной деятельност... Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 59-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей