Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 3 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
3-бап. Мемлекеттік аудит

1. Мемлекеттік аудиттің мақсаты бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады. 

2. Субъектіге байланысты мемлекеттік аудит мынадай түрлерге бөлінеді: 

1) міндеттері халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың (қаржылық, табиғи, өндірістік, кадрлық, ақпараттық) тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру болып табылатын сыртқы мемлекеттік аудит; 

2) міндеттері мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуін, қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен анықтығын, мемлекеттік аудит объектілері қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру болып табылатын ішкі мемлекеттік аудит. 

3. Мемлекеттік аудит мынадай типтерге бөлінеді: 

1) қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалау; 

2) тиімділік аудиті – мемлекеттік аудит объектісінің қызметін тиімділік, үнемділік, өнімділік және нәтижелілік нысанына бағалау және талдау; 

3) сәйкестік аудиті – мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін сақтауын бағалау, тексеру. 

Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.01.2018 № 135-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 2 3 4 5 ...62

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться