Ст. 12 Мемлекеттiк мүлiк туралы 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV
Мемлекеттiк мүлiк туралы
12-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі құзыреті
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді шығарады;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті басқарады, мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді;
2-1) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептер тәртібін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті иеліктен шығаруды жүзеге асырады, пайдалануға береді;
4) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және оларды тарату, иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
4-1) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ведомстволарын қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының атынан, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң өзiне жүктелген функцияларын жүзеге асыруға ықпал ететiн және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады, мемлекеттiң акционерлiк қоғамды және жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқаруға акционер (қатысушы) ретiнде қатысу құқығын жүзеге асырады, сондай-ақ осы акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің акциясына (қатысу үлесіне) ие болу не иелiктен шығару туралы шешiм қабылдайды;
6) Қазақстан Республикасының атынан өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкіне қатысты республикалық меншік құқығының субъект құқығын жүзеге асырады;
7) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы) дербес айқындайды, олардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
8) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (өндірген өнімін сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, оның ішінде пайдалануға беруге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі оған сенімгерлік басқаруға берген мемлекеттік мүлікті шартта көзделген тәртіппен және талаптарда сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
9) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың қызметі бойынша есептерді қарайды және бекітеді, сондай-ақ олардың қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізуді жүзеге асыруға құқылы;
10) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын келіседі немесе белгілейді;
11) мемлекеттік мүлік тізіліміне мемлекеттік мүлік объектілері туралы мәліметтерді береді;
11-1) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бөлу тәртібін айқындайды;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 481-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
Читать еще раз
Төтенше жағдай туралы 24-бап. Халықаралық iзгiлiк көмек Мемлекеттiк мүлiк туралы 38-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялаудың негізгі мақсаттары мен шарттары Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 31-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы 26-бап. Асыл тұқымдық орталықтар қызметiнің негiзгi бағыттары Әскери полиция органдары туралы 16-бап. Әскери полиция органдарын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей