Ст. 188 Мемлекеттiк мүлiк туралы 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV
Мемлекеттiк мүлiк туралы
188-бап. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару рәсімі
1. Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін тиісті саланың уәкілетті органына мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша өтінішті;
2) заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және жарғының нотариат куәландырған көшiрмесiн;
3) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) стратегиялық объектіні иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға негіз болатын не оған үшінші тұлғаның құқықтарымен ауыртпалық салуға әкеп соғатын шарттың жобасын;
5) стратегиялық объектіге меншік құқығын немесе өзге де мүліктік құқықтарды растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
6) стратегиялық объектінің нарықтық құнын айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы объектіні бағалау туралы есепті;
7) түпкілікті сатып алушыға дейінгі стратегиялық объектіні болжамды сатып алушы туралы мәліметтерді;
8) жарияланған акцияларды орналастырған жағдайда стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) жарияланған акциялардың шығарылымын және оған енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге акциялар шығарылымының проспектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін де табыс етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында аудитті міндетті түрде өткізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылының аудиторлық есебінің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін де табыс етеді. Егер өтініш ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін берілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының аудиторлық есебінің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады. Аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, егер заңды тұлға ағымдағы қаржы жылында құрылса не заңды тұлға өткен қаржы жылында құрылса және өтініш ағымдағы жылғы 1 маусымға дейін берілген болса, ұсынылмайды;
10) директорлар кеңесінің немесе байқау кеңесінің шешімін (болған жағдайда);
11) банктің кредиттік комитетінің шешімін;
12) ауыртпалық салынатын мүлікке кепілдің (ауыртпалық салудың) жоқ немесе бар екендігі туралы растауды;
13) стратегиялық объектінің меншік иелерінің пайыздық арақатынастағы құрылымын;
14) стратегиялық объект сенімгерлік басқаруда болған жағдайда стратегиялық объектінің меншік иесінің стратегиялық объектіні иеліктен шығаруға немесе ауыртпалық салатын тұлғаны көрсете отырып, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға жазбаша рұқсатын табыс етеді.
Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы тиісті саланың уәкілетті органына осы тармақтың 1), 2), 4), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды, сондай-ақ борышкерге қатысты оңалту рәсiмдерi қолданылғаны туралы (банкроттық рәсімі жүргiзiлгенi туралы) сот актiсiн, мүлiктi иелiктен шығарудың (сатудың) болжамды бағасын және борышкердiң мүлкiн (стратегиялық объектiнi) иелiктен шығаруға немесе үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға кредиторлар комитетiнiң жазбаша келiсiмiн тапсырады.
2. Стратегиялық объектінің кепіл ұстаушысы кепілге салынған мүлікті иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін тиісті саланың уәкілетті органына осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ кепіл шартын, кепілге салынған мүлікті иеліктен шығарудың (сатудың) болжамды бағасын, стратегиялық объектіні әлеуетті сатып алушыларға қойылатын талаптарды ұсынады.
Сот актісінің негізінде әрекет ететін сот орындаушысы тиісті саланың уәкілетті органына осы баптың 1-тармағының 1), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ кепіл шартын және (немесе) сот актісін, кепілге салынған мүлікті иеліктен шығарудың (сатудың) болжамды бағасын, стратегиялық объектіні әлеуетті сатып алушыларға қойылатын талаптарды ұсынады.
3. Стратегиялық объектіге ауыртпалық салуға негіз болатын шартта тараптардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ стратегиялық объектінің сақталуын және оны одан әрі пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі талаптар міндетті түрде қамтылуға тиіс.
Стратегиялық объектіні иеліктен шығару жөніндегі мәмілені жасауға негіз болған не оған ауыртпалық салуға әкеп соққан шарттың талаптарын өзгертуге ниет білдірген жағдайда, стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленушісі) тиісті саланың уәкілетті органына осы бапта және осы Заңның 187-бабында айқындалатын тәртіппен қайтадан жүгінеді.
Кепіл ұстаушының стратегиялық объектіге ауыртпалық салуына негіз болған шартқа сәйкес кепілге салынған мүлікті (стратегиялық объектіні) иеліктен шығаруды жүзеге асыруға ниет білдірген жағдайда, кепіл ұстаушы тиісті саланың уәкілетті органына осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен жүгінеді.
4. Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға берілген өтініштерді қарау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің олар бойынша шешім қабылдауы құжаттар тиісті саланың уәкілетті органына келіп түскен күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылуға тиіс. Тиісті саланың уәкілетті органы осы баптың 1-тармағында айқындалған құжаттардың толық топтамасын алған күн құжаттардың келіп түскен күні болып есептеледі.
Стратегиялық объектiлердің меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
5. Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды және ол қаулы түрінде ресімделеді.
6. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешім туралы өтініш берушіні шешім шығарылған күннен бастап бес күндік мерзімде жазбаша хабардар етуге міндетті.
7. Тиісті саланың уәкілетті органы стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иеліктен шығару жөнінде жасалатын мәмілелер мониторингін жүзеге асырады.
Ескерту. 188-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Читать еще раз
О Конституционном Суде Республики Казахстан Статья 11. Неприкосновенность судей Конституционного Суда О государственном имуществе Статья 187. Порядок обременения стратегических объектов, принадлежащих физическим лицам и негосударственным юридическим лицам, правами третьих лиц либо их отчуждения Мемлекеттiк мүлiк туралы 114-бап. Мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу ақысына мүліктік салым ретінде беру О государственном имуществе Статья 115. Отчуждение земельных участков О государственном имуществе Статья 116. Отчуждение государственного имущества, закрепленного за Национальным Банком Республики КазахстанРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей